Жөндеу жұмыстарына деп бөлінген қаражатты жымқырған ҚТЖ филиалының бірқатар шенеуніктері тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жөндеу жұмыстарына деп бөлінген қаражатты жымқырған ҚТЖ филиалының бірқатар шенеуніктері тұтқындалды

Жөндеу жұмыстарына деп бөлінген қаражатты жымқырған ҚТЖ филиалының бірқатар шенеуніктері тұтқындалды

Көліктегі бас прокуратура «Үркен ЛТД» ЖШС-тің екі басшысы мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистралдық желі дирекциясы» филиалының бес лауазым иесіне қатысты 2007-ші жылы жөндеу жұмыстарына деп бөлген қаражатты жымқыру ісіне байланысты тексеруді аяқтап, сотқа жіберді, деп ведомство баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Маусым 2011
  • 479
Фото - Caravan.kz

Ақпараттық баянда көрсетілгендей, жөндеу жұмыстарына ешқандай құрал жабдықтары, техникасы, мамандары жоқ, белгісіз ЖШС-тірдің біреуі жіберіліп, онымен аталған кемшіліктерге қарамай, жалған мердігермен Т1,5 млрд қаражатқа келісішарт жасалған.

«Жеке бастың мүддесін көздеген жалған айлакер-кәсіпкерлер ұлттық компанияның филиалындағы шенеуніктермен «уағдаласып» алған. Ал шенеуніктер қызмет бабын пайдаланып, мердігер жасауы тиіс жұмысты қарапайым теміржолшыларға істеткен. Ал қарапайым жұмысшылар болса, «көкелеріне» жұмыс істеп жатқанын білмеген де, оның үстіне, олар күнделікті атқарып жүрген үйреншікті жұмыстарына жалақы алып отырған», — деп көрсетілген хабарда.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сол лауазым иелерінің нұсқауымен аталған жөндеу жұмыстарын мердігер құрылымдар атқарды деп жалған акітлерге қол қойылған.

Сонымен қатар мүлдем орындалмаған жұмыстарға да актілер жасау туралы нұсқаулар берілген. Әңгіме жол бойындағы қар тоқтату қондырғылары туралы болып отыр. Онда әлі күнге жөнделмеген тесіктер аңқайып тұр.

Осы сияқты айла тәсілдің арқасында жүздеген миллион теңге алаяқтардың есепшотына келіп түскен.

«Өзіне бағыныңқы серіктестіктерді пайдаланып, кәсіпкерлер филиал жетекшілерінің арқасында Т950 млн ақшаны, яғни жөндеуге деп бөлінген әр үш теңгенің екеуін жымқырған», — деді баспасөз қызметінен.

«Айыпталып отырған бесеу қамауға алынды. Мұндай қылмыс үшін жаза да қатаң – бестен, он жылға дейін бас бостандығынан айырады, міндетті түрде мүлкін тәркілейді», — делінген хабарда.

Шығынды толтыру мақсатында айыпталып отырғандардың мүлкіне қамау жарияланып, оның ішінде бір өндірістік зауытқа, жер телімдеріне, пәтерлерге, автокөліктерге және т.б. меншік нысандарына қамау жарияланды.

Соңғы жаңалықтар