Жоқ мүше қайта өсіп шықпайды - республикалық басылымдарға шолу - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоқ мүше қайта өсіп шықпайды - республикалық басылымдарға шолу

Жоқ мүше қайта өсіп шықпайды - республикалық басылымдарға шолу

«Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам дінінің ұлық мерекесі - Құрбан айтқа орай Астананың «Әзірет Сұлтан» мешітіне келіп, барша мұсылман қауымын құттықтады», - деп жазады «Егемен Қазақстан» бүгінгі санында жарық көрген «Ұлық мерекеден ұлағатты береке» атты мақаласында.

  • 27 Қазан 2012
  • 394
Фото - Caravan.kz

Малада автор: «Мешіттен жазылар репор­таж­ды ойластырғанда Елбасы еңбектерін бір қарап шыққан едік», — дей келе, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабының «Киелі орын сақшысы» деген тарауында Сауд Арабиясына са­па­рын еске алатын жерін таратып айтады. Онда Н. Назарбаевтың: «Құран барлық қасиетті ілім­ге сенуге шақырады. Мұ­хам­мед пайғамбар өзге­лер­дің қалап кеткен құрылысының соңғы тасын қаладым деп есептеген. Ислам — біріктірушілік сипаттағы ілім. Мұхаммедтің пайымдауынша, барлық дін де бір сенімді білдіреді. Ол бірде бір қағидасымен өзгелердің қағидасын жоққа шығарған жоқ. Ислам басқаның сеніміне төзіммен қарауға шақырады. Ислам елдерінде әр алуан дін­нің қатар жүретіндігі сон­дық­тан. Меніңше, діннен адам­дар­ды бір-біріне қарсы қоятын емес, бір-бірімен табысты­ра­тын бастауларды іздеген абзал. Өйткені, барлық дін де дүние­дегі барлық адамдарға бірдей түсінікті, иланымды, қарапа­йым қағидаларға негізделген» деген сөздерін келтіреді.

Сондай-ақ, газетте «Маңызы зор қадам» деген тақырыппен Кіші Мерл Дэвид Келлерхолстың мақаласы жарияланған. Онда АҚШ Қазақстанмен ядролық қаруды таратпау саласындағы ынтымақтастығын жоғары бағалайтындығы туралы айтылады. Автор 16 қа­зан­да Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері алдында сөз сөйлеген АҚШ мем­лекеттік хатшысы көмек­ші­сі­нің орынбасары Саймон Лимаждың ядролық қарусыздану турасындағы уәждерін келтіре отырып, аталмыш мәселені таратып жазады. «Технологиялардың дамуына және жаңа тәуекелдердің пайда болуына байланысты Президент Барак Обама ядролық қатерді қысқартудың өсіп келе жатқан қажеттілігін жақсы сезініп отыр. Осыған байланысты ол ядролық қарудан азат әлем құру, қару­ла­ну­ды қысқарту тетіктерін жүзеге асыру қа­жет­тігіне баса мән бере бастады», — деліген мақалада.

Ал газеттің 4-5 айқара бетінде «Аруақ қонып, нар шөккен Маңғыстау» деген тақырыппен Маңғыстау облысының экономикалық-әлеуметтік, рухани-мәдени өміріне арналған мақалалар топтамасы берілген.

Басылымның «Парламент» қосымшасында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаевтың «Меди­ци­на­лық-әлеуметтiк сараптама жүр­гi­зу ережесiн бекi­ту туралы» Қазақ­стан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi №750 қау­лы­сындағы Мүгедектік және еңбек қабі­ле­тінен айыру, жа­рам­ды-жарамсыз­дық дәрежесін анықтау мәселесінің олқы тұстарын сынаған депутаттық сауалы «Жоқ мүше қайта өсіп шықпайды» деген тақырыппен жарияланды. Онда депутат «Аталмыш ереженің 17-тарма­ғында көрсетіл­ген­дей, мүгедектiк және кәсiптiк еңбек қабiлетiнен айыру дәрежесi мынадай мерзім­дер­ге: 6 айға, 1 жылға, 2 жылға немесе қайта куәландыру мерзiмiнсіз белгіленеді. Ереже нормаларына сәй­кес, мүгедектерде анатомиялық ке­мiстiктер (мысалы: аяқ-қолдың болмауы, т.б.) болған жағдайда мүгедектік дәреже мерзiмсіз тұрақты болады, яғни, мәңгілік мүгедектік куәлігі беріледі. Заңнаманың осы тұсы көптеген жарымжан жандар­дың арасында түрлі көзқарас тудыруда. Себебі, басқа да дене мү­ше­сінен айырылған, мысалы: қан айналымы ауруларынан кейінгі жү­рек қалқаншаларын ауыстырып про­тездеу, гастроэктомиядан (онкологиялық аурулардан) кейінгі асқа­заны, бүйрегі, өкпесі жоқ, т.б. мү­шелерінен айырылған азаматта­ры­мызға мүгедектік дәрежені белгілі ғана мерзімге береміз. Оларды бір­неше жыл бойы 11 түрлі құжаттар жинатып, медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргізу комиссиясынан өткізіп, мүгедек екендіктерін қайта дәлелдеуге мәжбүрлейміз. Жоқ мүшенің қайта өсіп шықпайтыны белгілі…» деген уәж келтіреді.

«Жоғарыда көрсетілген келеңсіз әрекеттердің алдын алу үшін «Ақ жол» партиясы «медициналық-әлеу­­­меттiк сараптама жүргiзу» ережесiне өзгерістер енгізу қажет және комиссия құрамының жұмы­сы ашық, әділ болуы үшін тиісті қоғамдық бірлестіктер мен үкімет­тік емес ұйымдардың өкілдерін де енгізіп немесе басқа да нұсқаларды қарастыру қажет деп есептейді», — дейді депутат.

«Экспресс К» газетінің жазуынша қазақстандық орнитологтар еліміздің 4 облысының аумағынан 650 жұп бүркіт тауыпты. Бұл туралы «Беркут выше «Морских котиков» деген мақалада жазылған.

Бұл зерттеулер нәтижесінде олар еліміздегі «Қызыл кітапқа» енгізілген бүркіттер жұбы 1500-ге жуық болуы мүмкін екенін айтуға болады. Мамандар бүркіт тұқымдастардың балапандарын қолда өсіріп, кейіннен өз еркімен жіберу арқылы олардың популяциясын көбейтудің жобасын ойластырып жатқан көрінеді.

Биыл Қазақстанда жасалған экспедиция Қызыл кітапқа енген бүркіттің бұл түрі бұрын есептелгеннен көптеу екенін көрсетіп отыр. Қызыл кітапта олардың саны 300 жұптан аспайды деп көрсетілген екен. Дегенмен бұл сан да осы құстардың жойылып кету қаупін жоққа шығара алмайды, деп жазады басылым.

«Казахстанская правда» газетіндегі «По пути интеграции» тақырыбындағы мақалада Ресей астанасында өткен халықаралық конференцияда Кедендік одақтың қызметі мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылуы талқыланғандығы жөнінде айтылады.

Газеттің жазуынша, форумда сондай-ақ энергетикалық интеграция саласында аймақтың күн тәртібінде тұрған көпжақты келісімдер жасау, ұлттық стандарттар құру кезінде бірыңғай құқықтық-әдістемелік негіздемелер қалыптастыру және Орталық Азияның энергетикалық бірлестігін қалпына келтіру сияқты мәселелер жан-жақты талқыланды.

Соңғы жаңалықтар