Жоспарымыз өзгерген жоқ - плей-офф сынына өту және қалған жекпе-жектерде жеңіске жету - «Астана арландары» - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоспарымыз өзгерген жоқ - плей-офф сынына өту және қалған жекпе-жектерде жеңіске жету - «Астана арландары»

Жоспарымыз өзгерген жоқ - плей-офф сынына өту және қалған жекпе-жектерде жеңіске жету - «Астана арландары»

Ертең Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) нұсқасы бойынша кезекті матч өтеді.

  • 8 Желтоқсан 2011
  • 366
Фото - Caravan.kz

9 желтоқсанда Қазақстанның кәсіпқой бокс құрамасы деп танылған «Астана арландары» кәсіпқой боксшылар клубы Ресейдің «Мәскеу Динамо» командасымен қолғап түйістіреді.

Соған орай, бүгін екі команданың боксшылары матч алдындағы салмақ өлшеу рәсімін жасады. Ертеңгі кездесуде ел намысын Рафикжон Сұлтонов, Мерей Ақшалов, Қанат Ислам, Данияр Үстембаев және Руслан Мырсатаев қорғайды.

«Астана арландары» клубының бас бапкері Бейбіт Есжановтың айтуынша, команда алдағы жекпе-жекке толығымен дайын.

«Соңғы екі кездесу біз үшін сәтсіз өтті. Әрине ол жекпе-жектерден тиісті нәтижелер шығардық. Енді біздің алдымызда мәскеулік команда тұр. Басты жоспарымыз өзгерген жоқ — плей-офф сынына өту және онда өтетін қалған матчтарда жеңіске жету. Бізді ертеңгі жекпе-жекті санамағанда тағы 7 кездесу күтіп тұр, сондықтан жеңіске жетуіміз тиіс», — дейді бас бапкер.

Жалпы Қазақстанның кәсіпқой бокс құрамасында 15 боксшы бар. 5 салмақ дәрежесінің әрбірінде 3 боксшыдан жасақталды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера