Ж.Тұяқбай саясаттан кетпейді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ж.Тұяқбай саясаттан кетпейді

Ж.Тұяқбай саясаттан кетпейді

"Мен саясаттан кетпеймін",- деп мәлімдеді бүгін, 18-қазанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай.

  • 18 Қазан 2004
  • 383
Фото - Caravan.kz

Журналистер сауалына жауап берген Ж.Тұяқбай: «өз басым әзірге қай партияға мүшелікке өтетінім туралы ойланған жоқпын»,- деді. Ол сондай-ақ, президенттіктен де үміткер емес екенін хабарлады.

«Дәл бүгінде мені қара басымның тағдыры емес, биліктің сайлау науқанына қатысты қандай шешім қабылдайтыны толғандырады. Және сайлау заңын бұза отырып, сайлауды әділетсіз өткізген адамдарға қатысты қандай шара қолданатыны алаңдатады».
Ж.Тұяқбай өзі отставкаға кеткеннен кейін билік тарапынан оған «қысым жасалу» мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ. «Қарапайым көндіру тәсілінен бастап тікелей қорқытып-үркітуге дейін қысым көрсету айла-тәсілдеріне сан жетпейді»,- деді ол. Алайда, мәжіліс спикері өзінің мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған тәжірибесі мен атқарушы билік өкілдерімен қарым-қатынас тәсілдерінен тәжірибесі молдығын, осыған байланысты «қорқытып-үркіту мен бопсалаудан» қаймықпайтынын мәлімдеді.

Перейти к новостям спорта