“Жұбайым мен қызым қайтқаннан кейін, үйге кіргім келмейтін” - ақын Аманжол Әлтаев - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Жұбайым мен қызым қайтқаннан кейін, үйге кіргім келмейтін” - ақын Аманжол Әлтаев

“Жұбайым мен қызым қайтқаннан кейін, үйге кіргім келмейтін” - ақын Аманжол Әлтаев

Айтыскер ақын Аманжол Әлтаев жұбайымен таныстығы, оның қазасы және одан кейін қалай еңсесін тіктегені жайлы әңгімеледі.

  • 16 Қыркүйек 2021
  • 3328
Фото - Caravan.kz

Ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды, деп жазады Stan.kz.

Аманжол Әлтаев жары Ақмаралмен 1990 жылы "Арқа аруы мен сал серісі" байқауында танысқан.

"Жігіттердің арасынан мен Арқаның сал-серісі атандым, арулардың арасынан Ақмарал Арқаның аруы атанды. Екеуміз табысып, оқу бітіргеннен кейін шаңырақ көтердік",- деп еске алады айтыскер.

Бүгінде жұбайы Ақмаралдың дүниеден кеткеніне 14 жыл толса да, Аманжол мырзаның оған деген махаббаты сөнбеген.

Бүгінде жұбайы Ақмаралдың дүниеден кеткеніне 14 жыл толса да, Аманжол мырзаның оған деген махаббаты сөнбеген.

"Адамның жан дүниесіндегі шынайы махаббат ешқашан салқындамайды, ескірмейді. Қанша өмір сүресің, соншалықты жүрегіңде, өміріңде лаулап тұрады деп есептеймін. Кейбіреулер уақыт емші дейді, дей тұрғанмен, өзімнің адал жарыма деген шынайы махаббатым, өзім қанша өмір сүрем, сонша жүрегімде болады деп есептеймін", — дейді ақын.

Бір қызығы, айтыстың аламанында жүріп, шешендік сөздің майын тамызатын Аманжолдың таңдаған жары орысша оқыған. Ақын алғашқыда қиналғанын жасырмайды.


"Жеңгең қайтыс болғанда коммуналдық төлемдерді төлеудің өзі маған стресс болды. Қайда барып төлейтінімді білмеймін. Ондай істерге араластырмаған. Сапарға шығатын кезде киімдерімді орын-орнына салып беретін.

Жұбайым мен қызым қайтқаннан кейін, үйге кіргім келмей, есіктің алдында ұзақ отыратынмын. 14 жыл бойы солай отырамын дей алмаймын. Оңаша қалған кезде, ностальгия болады. Өткен өміріңді ойламау мүмкін емес. Кейін бірте-бірте жарасы жазылып, еңсемді түзедім", — деп ағынан жарылды айтыскер.

Перейти к новостям спорта