Жұбаныш Жексеннің итальяндық қызға үйленген ұлы: Мен маймылды алған жоқпын - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұбаныш Жексеннің итальяндық қызға үйленген ұлы: Мен маймылды алған жоқпын

Жұбаныш Жексеннің итальяндық қызға үйленген ұлы: Мен маймылды алған жоқпын

Жұбаныш Жексеннің ұлы Әбілқайыр Жексен соңғы кездері әке жолын қуып әншілік өнерімен көзге түсіп жүр. Өзге ұлттың қызымен үйленген ол өзіне айтылған сынға жауап берді. 

  • 11 Қыркүйек 2019
  • 39
Фото - Caravan.kz

Біраз уақыт Италияда оқып келген Әбілқайыр Жексен сол елдің ұлтының қызымен қол ұстасты. Мұны пешенеме жазылған тағдыр деп санайды. 

"Бұл менің тағдырым. Қанша қазақ қыздары болды. Бірақ олардың ешқайсысымен емес, өзге ұлттың өкілімен бас қостым. Қазір келіндеріңіз біршама қазақша үйреніп қалды. Таңертең тұрып сәлем салады. Шай құяды. Ата-енесімен бірге тұрады. Маған көп сын айтылып жатады. Бірақ мен сонша таңғалатындай маймылға, орангутанға үйленген жоқпын", — дейді ол.

Бүгінде бір қыздың әкесі. Ата-анасы бастапқыда өзге ұлттан келін әкелуге қарсы болғанымен қазір немерелі болып отырған жайы бар. Бір жасқа толған немересінің есімін Ләйлім деп атасы қойған.


Соңғы жаңалықтар