"Жұдырығын қаттырақ батыруды ғана ойлап жүр". Промоутер Головкин мен Альварестің бір-біріне ашуы жайлы - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жұдырығын қаттырақ батыруды ғана ойлап жүр". Промоутер Головкин мен Альварестің бір-біріне ашуы жайлы

"Жұдырығын қаттырақ батыруды ғана ойлап жүр". Промоутер Головкин мен Альварестің бір-біріне ашуы жайлы

Орта салмақта бокстан WBС, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы қарымта жекпе-жек алғашқы жұдырықтасуға қарағанда ашулы болуы мүмкін. Қазақстандықтың промоутері Том Леффлер осындай пайым жасады, - деп хабарлаайды vringe.com.

  • 15 Маусым 2018
  • 47
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, осыған дейін болған оқиғалардың бәрінен боксшылар арасында сыйластықтың жұрнағы да қалмады, олардың қалайтыны — бір-біріне жұдырығын қаттырақ батыру болып тұр. 

"Осы оқиғалардан кейін, айтыс-тартыс пен бірі-біріне деген ашық жеккөрініштен соң қарымта өте тартысты болмақ. Алғашқы жекпе-жекте промоушен сыйластықпен өтті. Ал осы жолы Альварестің допинг-тесті және Головкиннің 5 мамырда жекпе-жек өткізе алмауы жүйкеге ауыр тиіп жатыр. Жалпы рингте нағыз айқас болады", — дейді Леффлер. 

Еске салайық, боксшылар арасында алғашқы жекпе-жек былтыр 16 қыркүйекте тең есеппен аяқталған болатын. Қарымта жекпе-жек Лас-Вегаста 15 қыркүйекке белгіленген.