«Жүйкесі сыр берген болар»: Алагөзова «жынымды келтірмеңізші, блин» деген вице-министрді қорғап шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жүйкесі сыр берген болар»: Алагөзова «жынымды келтірмеңізші, блин» деген вице-министрді қорғап шықты

«Жүйкесі сыр берген болар»: Алагөзова «жынымды келтірмеңізші, блин» деген вице-министрді қорғап шықты

«Жүйкесі сыр берген болар».

  • 14 Ақпан 2019
  • 428
Фото - Caravan.kz

Танымал продюсер Баян Алагөзова  журналист сұрағына «жынымды келтірмеңізші» деп жауап берген Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғаринге қатысты осылай деп пікір айтты. 

Бұл туралы ойын Алагөзова өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

«Вице-министрдің журналист алдында көңіл күйін көрсеткен сәтін көрдім. Жүйкесі сыр берген болар. Енді оны да отставкаға жібереміз бе? Оны қызметінен босату кімді бақытты етеді?  Осыған дейін қанша адамды қуылды? «Потому что, потому что» деген шенеуніктің фамилиясы кімнің есінде? Мен ұмытып қалдым мысалы», — деп жазды ол. 

Еске сала кетейік, күні кеше Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғарин тілшілердің тарифтер туралы сұрағына «Жынымды келтірмеңізші. Бұл басқа шара ғой. Не болды? Кеше парламентте айттым тарифтер туралы. Ондай болса өздеріңіз тұра беріңіздер» деп жауап беріп, күлкіге қалған еді. 


Соңғы жаңалықтар