Жүкембаев бокстан уақытша шеттетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жүкембаев бокстан уақытша шеттетілді

Жүкембаев бокстан уақытша шеттетілді

Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы қазақстандық боксшыға 2021 жылдың 13 шілдесіне дейін рингке шығуға тыйым салды.

  • 2 Маусым 2021
  • 26
Фото - Caravan.kz

Батыр Жүкембаев (18-1-0, 14 KO) бокстан уақытша шеттетілді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 30 мамырда АҚШ-тың Карсон қаласында өткен бокс кешіне қатысып, онда Пуэрто-Риконың өкілі Сабриэль Матиаспен (17-1-0, 17 KO) жұдырықтасқан болатын. 12 раундқа есептелген кездесу сегізінші раундта аяқталды. Батырдың бапкерлері жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Жекпе-жектен кейін Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы екі боксшыны да жекпе-жектен уақытша шеттетті: Жүкембаевқа рингке шығуға 2021 жылдың 13 шілдесіне дейін, ал Матиасқа 5 маусымға дейін тыйым салынды.