Жүкті әйел: Птр тест тапсыру үшін таңғы 5-тен бері кезекте тұрмын - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жүкті әйел: Птр тест тапсыру үшін таңғы 5-тен бері кезекте тұрмын

Жүкті әйел: Птр тест тапсыру үшін таңғы 5-тен бері кезекте тұрмын

ПТР тесті болмаса, жүкті әйелді перзентхана да қабылдамайды.

  • 13 Шiлде 2020
  • 63
Фото - Caravan.kz

Айы-күні жетіп, толғағы қысып тұрған талай әйелді кері қайтарып жібергенін көрдік. Көрсеттік те. Ал егер, мысалға қатты қиналып, баланың басы шығып бара жатса, амал жоқ босандырып алады. Бірақ, жаңа туған сәбиіңізді көрмейсіз. Тесттің нәтижесі дайын болғанша жолатпайды. Ал оның нәтижесі кешігіп жатыр. Салдарынан қаншама әйел баласын бауырына баса алмай құса болуда. Сөйтіп, жаппай жүкті әйелдер соңғы апталарында жұма сайын сынама тапсырып, кезектерде тұруға мәжбүр.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Дәл қазір Астана уақыты бойынша сағат тура жеті. Біз емхананың алдында тұрмыз. Ұйқыға жерік әйелдер таңмен таласа кезекке тұру үшін келіп жатыр».

Жанерке бірінші боп жетіпті. Таңғы сағат 5 жарымда.

ЖАНЕРКЕ ОРАЗАЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Сағат бестен бері очередь болады. Таңғы 5-те келгенде уже адам көп, бесте тұрған кісі уже 15-ші болып тұрған. 6-30да келген кісі 43 боп тұрған!»

Жүктіліктің қырқыншы аптасында жүрген Ақерке де ағынан жарылды.

АҚЕРКЕ,  ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Келеміз, бір 20-30 минуттың ішінде 15 адамнан алады, ал очередьте 100-адамдай 50 адамдай тұрады күнделікті. Ал қабылдайтындары 20-30 адам ғана. Бір ай уже 5-ші, 6-шы рет келіп тапсыра алмай кетіп жатырмыз».

Өйткені пробирка жоқ дейді. Күнде сол.

«Қалай жетпей қалады если и так ограничено? Қалай пробирка жетпей қалады? Это же ерунда!»

Әйелдердің әңгімесі қыза бастағаны сол еді,   

Басшылықтан біреу келді. Әй-шәй жоқ, ағай айғайға басты. Біз де.   
«Представьтесь сперва, вы кто? Я — начальник административной хозяйственной части! Вот, надо так и сказать сперва.  А Вы должны были разрешения сперва! Не снимайте!

«Вы кто? Я журналист первого канала? Где ваше удостоверение. У нас журналисткое расследование. Без проблем покажу!»
Осыдан кейін басталды. Басшылық өзінің басшылығына хабарласты.  Аяғы ауыр әйелдер не айтты деген ой.  
«Ну, незнаю что они сказали там. Молчат стоят там. Что вы говорили десем, стоят молчат».

Жүрексінген жүкті әйелдер жайын мен айтайын. Кезек көп, пробирка жоқ. Солай ма?
«Анада болған жоқ, қазір без проблем!»
Онда неге таң атпай келеді бұл қыздар?
"Пробирка бар,  но они уже привыкли".
Жә, дәл қазір пробирка жетеді деп сендірді де, бағаналы бері иін тіресіп тұрған қыздарды санитарлық талаптарды сақтауға шақыра бастады. Ал негізінде қалай?

«100-ге жуық адам жиналғанда мына скамейкада 4-5 әйелден қатар-қатар отырады. Ешқандай санитарлық талаптар сақталмайды, мына есіктің алдында да постоянно ажиотаж. +0015 Біреу ауырып тұрады, біреу жөтеліп тұрады. Амал жоқ».
Ары қарай түсірілімді жасауға рұқсат бермеген соң,  

«Қазір сағат тура 8.30. екінші емханадағы жағдайды өз көзімізбен көруге келдік».


Бұл жерде де жағдай мәз емес болса да, Әйгерім мәз. Тапсырып шықты-ау әйтеуір.

ӘЙГЕРІМ ГАЙБУЛЛАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Алдында келгенде 120 адам болған. Қазір 59 болып өтіп жатырмын. Үлгеріп қалдыңыз, иә. Қалғандар қалады».

Қанша адам қалады?

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Таңғы 8-ге жуық келдім. 72 болып тіркелдім. 80 пробирка 80-ге дейін адам тұрсын деді. +Мен уже 3-ші күн келіп жатырмын. 3 күн осындай ситуация. + Бүгін хотя бы 80. Алдыңғы күні 40 пробирка болады деген. Мен 80-ші болғаннан кейін кетіп қалып жүрдім».
Иә, бұл жақтың да басшылары жетіп келді.
«Тынышталып қалыпсыздар біраз!»
дедім,
Да, да, да.
деді. Біз әлгінде сұхбат алған әйелді байқап қойса керек, телефонға құжаттарын түсіріп алыпты.
«Менің направлениемді алды, неге сфоткала? Из за того что я интервью дала».
Хош. Бұл жақта да пробирка жетеді. Күніне 150-і келеді. У-шу болған жоқ деп сендірді.

ҚАНАТ МОЙНАҚОВ, №6 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ
«Қанша адам келсе, 8-ден сегізге дейін барлығы алынып, тестілер алынып жатыр, уақытысмен, келген бетте».
Құрғақ сөзге сеніңкіремедік, сөйтіп,  
«Мына видеоны көрсете салайыншы сізге! Қазір бір секунд. Міне, кеше болған оқиға! Бұған қалай жауап бересіз, не дейсіз? Иә, көп келіп, ара қашықтық сақтамауы, несі көрініп тұр адамның».
Санитарлық талаптардың сақталмауы бір. Әрі ұзын-сонар кезек. Жалпы, не үшін тест тапсырып жатыр жаппай?
ЖҰПАР НАХАНОВА, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:
«Өйткені әйелде COVID болып қалса, ол балаға емшек сүтімен берілуі мүмкін. Сондықтан баланың денсаулығын сақтау үшін ана мен баланы бөлек жатқызады. Сосын COVID-тің анализы келген соң, ол теріс болса ғана бірге жатқызады, анасына береді. Ал оң болған жағдайда екеуін екі бөлек ұстайды».

Ендігі мәселе, тест қорытындысының кеш келуінде.
«Бірінші тапсырғаным келген жоқ результаты. 28-маусымда тапсырғам. Айтқан 3 күнде шығады деп. Айтқан «дамумедке» келеді деп. Келген жоқ «Дамумед-ке».

Оған емхана жауапты емес. Қорытында мобильдік қосымшаға келеді. Сынаманың теріс я оң екенін күтіп жүргенде қойдың кезегі келіп қалады. Сөйтіп, тест нәтижесі шықпайынша ана мен бала екі жақта жатады. Қабылдаса егер. Ал қабылдамаса, үйінде туады. Сол жағдай. Айтпақшы, түсірмеңдер деген емханаға алаң көңіл болып қайта бардық. Жанерке құдды бір ҰБТ тапсырып шыққандай мәз. Біз де қуандық.   

Соңғы жаңалықтар