Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жұлдыз әсерлі видео мен жазбасын Instagram-да жариялады.
"Жұрт үшін өмір сүретін жер бетіндегі халық тек біз бе екен? Америкалықтарды, қытайлықтарды, кәрістерді көршісінің ойы, құдасының досының інісінің көңілі ойландыра ма екен?
Біреудің сіз туралы жаман ойына қайғырмас бұрын ойланыңыз, өзіңізден сұраңыз. Сіздің өміріңіздің мәні – өзгенің ойынан шығу мен өзге қалайтындай етіп өмір сүру ме?" – деді ол.
Актрисаның бұл жазбасы қызу талқыға түсті.
"Сонысымен ерекше, дара халықпыз ғой біз", "Шынымен де солай бірдеңе десең ауыр сөйлеп қоймадым ба екен, көңіліне тимеді ме екен деп жүргенің? Бірақ өзімізге келгенде солар беттен алып, төске шабады ғой", "Бізде қазақта әсіресе келіндерге қиын ғой, қайын жұрт не дейді, енем ренжіп қалады, атам тырысып қалады, қайын апам жақтырмай қалады деп өмірі жалтақтап жүру керек, ал оны істемесең жақпайсың, көргенсіз, тәрбие көрмеген деп шығады, өз ойыңды айтсаң, ойбай, келін бетіме келді, тілі шығыпты дейді!" — деп жазды оқырмандар.