Торпақ
Торпақтар үшін күту қиын болатын шығар. Бірақ сол күткен уақыттарыңыз текке кетпейтінін ұмытпаңыздар. Бақыт оңай жолмен келмейді деген бар. Осы естеріңізде болсын. Күтіңіздер, күтіңіздер, күтіңіздер. Кейін ол адам сіздің жаныңызда мәңгі болатын болады. Асықпай оқуыңызды, алға қойған мақсатыңызға жетіңіз. Уақыт өзі қосатын болады. Бастысы тек қана алға.
Егіздер
Сіздер өз мақсаттарыңызға жету үшін ештеңеден аянбайсыздар. Қалағаныңызға қол жеткізесіз. Махаббат десеңіз махаббат, жұмыс десеңіз жұмыс , Ақша десеңіз ақшаңыз да бар. Сіз бай адамсыз.
Шаян
Жұмастарыңыз алға басады. Әріптестеріңізбен үлкен келісім шартқа отыруыңыз мүмкін. Жолыңыз болады. Сабырлы болғаныңыз жөн. Сүйгеніңізбен біргесіз. Бірақ ол өзін жалғыз сезінеді. Оған көбірек көңіл бөлгеніңіз жөн. Ол сізден қолдау күтіп жүр. Жұмыс-жұмыс деп жүргенде сүйгеніңізден айырылып қалмаңыз..
Арыстан
Айналадағы адамдармен қарым қатынасыңыз жақсара түседі. Ал егер үйленген болсаңыз жұбыңызға көп көңіл бөлуге тырысыңыз.Ол сізден қолдау күтіп жүр. Бұл бақыттың кілті.
Бикеш
Сіз өте қарапайым жансыз. Қарапайымдылығыңыз көп адамдарға ұнайды. Өз ұстанымдарыңызбен жүре беріңіз -ол сізді жақсылыққа апарады. Сүйгеніңізге осы мінезіңіз қатты ұнайды.
Таразы
Таразылар бүгін сіз жаңа адамдармен танысуыңыз мүмкін. Көзіңіздегі көзілдірікті алып, өмірге баска көзқараспен қарап көрініз. Бүгін ақылыныздың айтқанымен жүре беріңіз. Өкінбейсіз. Кездесулер, бас қосып жиналулар болса, қапы қалманыз, қатысыңыз. Сүйгеніңізбен бірге боласыз.
Сарышаян
Сарышаяндардың бір ғана мақсаты бар – әрбір күннен ләззат алу. Жай ғана ләззат емес, сезімді селт еткізер, жүректе ізін қалдыратын, әрбір сәтті ұмытылмастай етуге қауқарлы, шынайы ләззат
Мерген
Мергендер аз сөйлейді және жүректегі сырын кез келген жанға айта бермейді! Ғашық болса көп уақыт ішінде сақтайды! Алға қойған мақсаттарыңыз орындалып, шешілмеген мәселелеріңіз шешімін табатын күн. Бақыттысыз…..Жұлдыздар сіздің жағыңызда….
Тауешкі
Сіздің жүрегіңіз таза, мейірімдісіз! Бақытты болуға лайықты жансыз! Ғашық болыңыз. Айналаңызға сізге қарап сырттай ғашық болып жүрген қаншама жан бар десеңізші. Сәлде болса жан-жағыңызға мұқият қарап өзіңіздің жаныңызға жақын -ау деген жанды кездестіресіз ғой.
Суқұйғыш
Ойға берілгіш, арманшыл және ілтипатты, бір сөзбен айтқанда, нағыз арман дерсің!!! Ол үшін басқа жандардың сырт келбетінің көрікті болып тұрғаны ғана емес, адамдармен әңгімелесе білгені де маңызды. Сондықтан мұны да естен шығаруға болмайды.
Балықтар
Балықтар басы бос сияқты бірақ жалғыз емес, іздеп жүрген секілді бірақ белсенді емес, тапқан сияқты бірақ бірге емес. Қазір бірақ Балықтар біржағынан басқа нәрселерді уайымдап жүрген сияқты. Кейде қуанышты, кейде мұңға батып кетеді. Сіздерге айтарым, көп уақытты достарыңызбен бірге серуендеп, қыдырып өткізіңіздер. Сіздерге бір жағынан жақсы көретін адам болғаны да жақсы еді. Сізге демеу болады. Бірақ мұңаймаңыз, бақытты күндер әлі алда. Тек қана алға!!