Тоқты
Өмірлік мақсаттарыңызды айқындап, жоспарларыңыз жазылған тізімді жаңартатын кез келді. Орындалмас армандарды шетке ысырыңыз. Осы тұста жақындарыңыздың пікірін де ескергеніңіз жөн. Жаңа көлік алғыңыз келіп жүрген сияқты. Оң нәтижеге қиналып жүріп қол жеткізесіз. Сіздің есебіңізде тамақтануды жөн көретін достарыңыздың арқасында қаржылай қиындыққа тап боласыз. Сүйіктіңізбен көптен бері сөзіңіз жараспай жүр. Сондықтан, бұл күні оны кездесуге шақырғаныңыз жөн.
Торпақ
Жұлдыздар осы күнде денсаулығыңызға ерекше көңіл бөлу керектігін ескертеді. Жұмыста және отбасында кейбір келеңсіз жағдайлар болуы мүмкін . Азғантай кедергілерге бола жүйкеңізді жұқартпаңыз. Бастысы дем алып, көңіліңізді көтеретін, өзіңізге ұнайтын шаруамен айналысыңыз.
Егіздер
Ерекше романтикалық сезімде боласыз. Сапарлар, кездесулер, танысулар бәрі-бәрі сіз ойлағандай болады. Бұрынғы қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге тырысушылар тарапынан біраз түсініспеушіліктерге жол берілуі мүмкін. Соның салдарынан енді беті бері қарай бастаған сүйіктіңізбен арада кикілжің туындайды. Сақ болыңыз. Масайрап, мас-қара болып жүрмеңіз.
Шаян
Жанұяда жарасымды көңіл күй қалыптасады. Сүйіктіңізбен қол ұстасып өмір табалдырығын бірге аттауға таптырмайтын уақыт. Ата-ана, ағайын-туыс та сіздің шешіміңізді қуана қолдайды. Қаржылық мүмкіндігіңіз артады. Көптен көкейде жүрген затты сатып алуыңызға болады
Арыстан
Күн басында сiздi жұмыс орныңыз iссапарға жiберуi мүмкiн немесе сынақтарға ұшырауыңыз ғажап емес. Орын алатын кейбiр жағдайлар сiздiң моральдық жағдайыңызды дұрыстауға мүмкiндiк бередi. Осы күннің ортасында жұбайыңызға (сүйгеніңізге) деген iңкәрлiгiңiз күшейедi. Жұлдыздар осы уақытта өз отбасыңызбен қызықты, көрнектi жерлерге баруға кеңес бередi.
Бикеш
Күн басында бикештердiң тәуекелге баратын iстерге араласпағаны жөн. Әңгiме тек ақша жөнiнде емес, барлық iске қатысты. Кез-келген iс сiзге соққы болып тиюi мүмкiн.Күн ортасында демалуыңызға және ем-дом қабылдауыңызға болады. Күннің соңында ақшаңыз жетпей қалуы мүмкiн, сол үшiн бұл күнi зат сатып алмағаныңыз жөн.
Таразы
Таразылар осы күні өздерiнiң жолдастарының немесе әрiптестерiнiң тiрлiгiне қатты қуануы мүмкiн. Сiз өзiңiздiң достарыңыздың қасында екенiңiздi сезiнбей жүрсiз, бiрақ оған назар аудармаңыз .Күннің ортасында махаббат қызығына бөлену үшiн қолайлы кез. Егер де сiз жаяу жүретiн адам болсаңыз, онда көңiлiңiз ұнатқан жанмен автобуста немесе мейрамханада танысасыз. Және де бұл күн сiз үшiн сапарға шығуға қолайлы екенiн де естен шығармаңыз.
Сарышаян
Сарышаяндарға күннің басы тiрлiкке толы болмақ. Бәлкiм сiздiң туысқандарыңыздың бiреуiне сiздiң көмегiңiз қажет болуы мүмкiн. Өз денсаулығыңызға да көңiл бөлгенiңiз жөн. Сүйiктi жарыңызбен бiрге жүрiп үйдiң барлық шаруасын iстейсiз. Қазiргi кез үйiңiздi жаңа сән үлгiсiндегiдей жасауға қолайлы. Егер де ата-анаңызбен арада кикiлжiң туса, осы күні сол кiсiлерге арнаңыз, татуласуға өзiңiз бiрiншi қадам жасасаңыз, олар сiздi мiндеттi түрде кешiредi.
Мерген
Бүгін қонаққа барасыз немесе үйіңізге көп қонақ келеді. Қалай болса да, туған-туыстарыңызбен қарым-қатынасты ретке келтіргеніңіз жөн. Ал кешке сүйіктіңізбен ренжісесіз. Ол сіздің ғаламторға көп уақыт бөлетіңізге ренжуі мүмкін.
Тауешкі
Күннің басы тауешкiлер үшiн үйде жөндеу жұмыстарын жүргiзуге қолайсыз кез. Техникалық жабдықтарға жақсылап қараңыз, әйтпесе күтпеген жерден «тосын сый» алуыңыз ғажап емес. Күннің ортасына қарай жағдай жақсы жағына қарай бiраз өзгередi. Бiрақ демалыс күндерi тұрмыстық техникаға қатысты көкейкестi мәселе орын алуы мүмкiн. Үйiңiзде де қарым-қатынастың жақсы болуы екiталай, сондықтан өзiңiздi сабырға шақырыңыз
Суқұйғыш
Күн барысында суқұйғыштардың қарым-қатынасында өзгерiстер орын алуы мүмкiн. Бәлкiм сiз өзiңiз араласып жүрген адамыңызбен қатынасыңызды үзiп, бизнестi жаңа досыңызбен бастауыңыз ғажап емес. Дегенмен, арада санаулы күндер өткен соң сiзге жаңа танысқан досыңыздың әңгiмесi қызық емес екенiне көзiңiздi жеткiзесiз. Күннің ортасында сiзге өзiңiзге қарама-қарсы жыныстағы адам назарын аударады.
Балықтар
Сiзде күннің басында қаржылай қиындықтар туады. Ақшаңызды қолайлы жерде ұстағаныңыз жөн, әйтпесе ұрылардың уысында кетiп қалуы мүмкiн. Қымбат киiмдерге ақшаңызды жаратпаңыз. Демалыс күндерi ақшаңызды көп жұмсамаңыз. Арзымайтын дүниелерге ақшаны ысырап етпеңiз. Бiреуге қарызға ақша берудi де уақытша тоқтата тұрғаныңыз дұрыс. Өзiңiз де сұрамағаныңыз абзал. Уақытыңыз болса, маңызды сұрақтарға басқа күнi жауап бергенiңiз жөн.