Жұлдыз жорамал: 23 қыркүйек - 29 қыркүйек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұлдыз жорамал: 23 қыркүйек - 29 қыркүйек

Жұлдыз жорамал: 23 қыркүйек - 29 қыркүйек

Апталық жұлдыз жорамал:

  • 23 Қыркүйек 2019
  • 273
Фото - Caravan.kz

Тоқты

Тоқтылардың сүйгендеріне көбірек көңіл бөлгендері жөн болар. Сонғы кездері жұмыс-жұмыс деп жүріп оларды ұмыт қалдырған сияқты. Сыйлық сатып алып тосын сый жасаңыз. Кешкілік демалып серуенге шығып, романтикалық кеш ұйымдастырыңыздар. Ол сіздердің қолдарыңыздан келеді.

Торпақ

Торпақтар барлық жағынан керемет көрінгісі келеді. Әрине олар керемет жандар. Кереметтілігі соншалық қалтасындағы соңғы тиынына дейін бере салуға дайын болады. Достары үшін қолынан келгенін бәрін істейді. Сүйгенін іздеуде. Қасында жүрген жанды байқамайды. Сәл көзілдірігін шешіп қараса махаббат айдынында жүзуі әбден мүмкін. 

Егіздер

Ісіңіздің алға басуы сіздің сабырлығыңызға байланысты. Тым ұшқалақтық сізді көп жолдан айырады .Сабырлы болсаңыз сізде бәрі де болмақ. Ақша да , байлық та, көлік те, үй де. Күннің соңында сүйгеніңізден хабар күтіңіз. Ол сізді қуантады. Жақсы жаңалығы бар. Сізден асқан бақытты жан болмайды.

Шаян

Спортқа деген шабыт керек сіздерге, спорттың не екенін ұмытып кетпеңіздер.

Арыстан

Бейтаныс аддамдардан аулақ жүргеніңіз абзал. Күніңіздің жақсы өтуі тек өзіңізге байланысты. Көбірек демалғаныңыз абзал. Достарыңызбен хабарласыңыз, қонаққа шақырыңыз ,сырыңызбен бөлісіңіз. Ал кешкісін сүйгеніңізбен саябаққа серуендеп, таза ауада демалғаныңыз жөн.

Бикеш

Күніңіз тамаша басталады. Көптен күткен кездесулер, қошеметтер, сырласу, махаббат бәрі осы күннің еншісінде. Сіздің сұлулығыңыз мен сымббаттылығыңыз, қайраттылығыңыз көптің назарына ілігуі мүмкін. Шешім қабылдаудан қорықпаңыз. Өзгенің пікіріне құлақ асқаныңыз жөн. Тура жолды көрсетуі мүмкін

Таразы

Таразылар сенім артуға болатын жандар. Олар әрқашан біреудің қамы үшін жүгіреді. Өздерін екінші орынға қояды. Бұл жүрістері өздеріне де, басқаларға да ұнайды. Бақытты. Күннің екінші жартысында күтпеген кездесулерге тап болуларыңыз әбден мүмкін. Ол сіздің өміріңізді түбегейлі өзгертуі де ғажап емес. Жақсы жаңалық күтіңіздер…

Сарышаян

Алып ұшқан әңгімелерге көп сене бермеңіздер. Кері әсері болуы мүмкін. Өзіңіздің жүрегіңіз не дейді соны тыңдаңыз. Шешім қабылдауда қателік жасамауға тырысыңыз. Сүйгеніңізбен бірге кешкілік отырыстарға баруыңыз мүмкін. Көптің көзі сіздерде болады. Өйткені сіздердер ең әдемі, ең сұлу жарасымды жұпсыздар.


Мерген

Мергендер аяқ алысы жаман емес. Бәрін сабыр мен шешіп ақылға жүгінесіздер . Азда болса жүрек түкпіріне де үңілгендеріңіз жөн. Қашанға жалғыз жүресіздер. Теңіңізді табатын кезде келді. Достарыңыздың арасында болуыда мүмкін. Күн соңында көңілді отырыстарға барып, қуанышқа бөленесіз. Тосын сыйларда күтіп тұр.

Тауешкі

Ақша, жұмыс деп қашанға жүгірмексіз. Сабырлы, қанағатшыл болсаңыз оның бәрі өзі-ақ келеді. Күнді жақсы өткізу үшін демалғаныңыз жөн. Достарыңызбен шомылуға, дүкен аралауға, кино көруге барыңыз. Өзіңіз жеңілдеп серігіп қаласыз. Ата-анаңызға сыйлық сатып алуды да ұмытпағаныңыз жөн.

Суқұйғыш

Бақыттан басыңыз айналып жүр ма? Әрине сіз бақыттысыз. Сүйгеніңіз сізге сезімін білдіріп, өміріңіздегі маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Сіз онымен бірге бақытты күн кешуге дайынсыз. Бұл күн сіз үшін ең ұмытылмас күндердің біріне айналмақ. Бағыңызды бағалаңыз……

Балықтар

Сіздер осы өмірдегі ең бақытты жансыздар. Сіздерде бәрі бар. Отбасы, бауырларыңыз, сүйгеніңіз. Ақша мен байлықта жетерлік. Барға қанағат деп өмір сүруге лайықты жансыздар. Сіздер көп алдында жүрген ұнайды. Бірақ алға қарай ұмтыла бермеңіз көз тиуі мүмкін. Айналаңыздағы адамдар сіздерге қызығарлықтай жансыздар.