«Сахнадағы шөре-шөре, қызтекелердің бәрі кетеді. Әншілердің тең жартысы күпінің битіндей сыпырылады. 95%-і кетеді. Ұсталды ма, 50 мың доллар айыппұл төлесін. Екі рет 50 мың доллар төлесе, бітті сол жерде қояды», — дейді өнертанушы.
Сондай-ақ, Ерлан Төлеутай алғашқы тыйым салуды телевидениеден бастау керегін айтты.
«Заң телеарнадағы фонограмманы тоқтатпаса, оның ешқандай пәрмені болмайды. Осы мәселе. Сонда біз телеарналар арқылы жанды жерінен қыссақ, нәтиже болады. Ал егер телевидениеде болады екен, мына жерде болады екен деп екіұшты етіп қойсақ, еңбек зая кетеді», — деп қорытты сөзін өнертанушы.
Бүгінде фонограммаға заң жүзінде тыйым салған бірқатар ел бар. Олар – Қытай, Әзербайжан, Түрікменстан. Ал Германияда бұлай ән айтқандарды абақтыға қамайды.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Қазақстанда әншілерге фонограммамен ән айтуға шектейтін заңның қолданысқа енуі мүмкін екенінайтқан болатынбыз.