Жұма күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде екпіндетіп жел тұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұма күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде екпіндетіп жел тұрады

Жұма күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде екпіндетіп жел тұрады

Жұма күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігіның ауа райын циклон мен сонымен байланысты атмосфералық тұтас ағым айқындайтын болғандықтан кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, екпіндетіп жел тұрып, Ақтөбе облысында бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

  • 10 Маусым 2011
  • 376
Фото - Caravan.kz

Бейсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады, ауа температурасы +26+28 градус.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, 0-5 м/с жел соғады, ауа температурасы +29+31 градус.

Метеоқызметтің мәліметтеріне сәйкес, солтүстікте Солтүстік Қазақстан облысында ғана күн ашық болады, онда кей жерлерінде тұман түсіп, ауа температурасы +23+28 градус., Қостанай, Павлодар облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с болып, ауа температурасы сәйкесінше, +25+30 және +28+33 градус болады. Ақмола облысында да нөсерлетіп, өтпелі жауын жауады, кей жерлерінде желдің жылдамдығы 20 м/с болып, түнде кей жерлерінде тұман түседі, ауа температурасы +23+38 градус болады.

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында аздап жауын жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, сондай-ақ ШҚО-да бұршақ жаууы мүмкін; ауа температурасы сәйкесінше +24+29 және +25+30 градус.

Республиканың оңтүстігінде жауынды болады. Алматы және Қызылорда облыстарында аздап жауын жауып, күн күркіреп, найзағайлатқан кезде кей жерлеріндегі желдің жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы +28+33 және +30+35 градус. Жамбыл облысында, Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады, күн күркіреп, аздап жаңбыр жауады, ауа температурасы сәйкесінше, +26+31 және +27+32 градус болады.

Қазақстанның батысында барлық облыстарда күн күркіреп, жауын-шашынды болады. Ақтөбе облысында кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, бұршақ жаууы ықтимал, ауа температурасы +25+30 градус. Атырау облысында аздап күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 метр/сек жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы +22+27 градус болады. Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман түседі, ауа температурасы +25+30 градус. Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы +18+23 градус.

Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың оңтүстік облыстарында өрт туындау қаупі жоғары болады.

Алдағы тәуліктерде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында өзендердегі судың деңгейі құбылмалы болады. Қазақстанның қалған су айдындарында елеулі өзгерістер болмайды.

Соңғы жаңалықтар