Жұма күні республиканың басым аумағында күн ашық болып, батысында ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұма күні республиканың басым аумағында күн ашық болып, батысында ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі

Жұма күні республиканың басым аумағында күн ашық болып, батысында ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі

Жұма күні Қазақстанның басым аумағы антициклон ықпалында болуынан ауа райы ашық болады деп күтілуде, республиканың батысы мен солтүстік-батысында атмосфералық тұта с ағым ықпал етуінен онда күн күркіреп, жауын жауып, екпіндетіп жел соғады, деп «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

  • 8 Шiлде 2011
  • 942
Фото - Caravan.kz

Жұма күні Астанада көшпелі бұлт шығады, шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады, ауа температурасы +26+28 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, 0-5 м/с самал соғады, ауа температурасы +30+32 градус болады.

Синоптиктердің мәліметтерінше, Қазақстанның солтүстігінде Қостанай облысында ғана өтпелі жауын жауады, ауа температурасы +28+33 градус болады. Басқа аймақтарда жауын-шашынсыз ауа р� �йы болады: Солтүстік Қазақстан облысында – түнде кей жерлерінде тұман түседі, ауа температурасы +23+28 градус болады. Ақмола, Павлодар облысында ауа температурасы +23+28 және +22+27 градус болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында күн ашық, ауа температурасы сәйкесінше, +25+30 және ++20+25 градус болады.

Республиканың оңтүстігінде барлық аумағында күн ашық болады: Жамбыл облысында кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, ауа температурасы +33+38 градус, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында ауа температурасы +32+37 және +38+43 градус болады. Алматы облысында ғана өтпелі жауын жауып, күн күркіреп, кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады, ауа температурасы +27+32 градус болады.

Қазақстанның батысында Ақтөбе облысында ғана аздап жауын жауып, күн күркіреп, 15-20 м/с жел соғып, ауа температурасы +36+41 градус болады. Батыс Қазақстан облысында аздап ж� �уын жауып, кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы +33+38 градус болады. Маңғыстау, Атырау облысында ауа райы жауын-шашынсыз, ауа температурасы +38+43 градус, Атырау облысының жекелеген а удандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Маңғыстауғ Атырауғ Ақтөбе облыстарында күн ыстық болады, Батыс Қазақстан облысының жекелеген аудандарында өте ыстық болады. Жамбыл, Қызылорда, сондай-ақ Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында өте күшті ыстық сақталады.

Жақын күндері Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында су деңгейі құбылып тұрады. Қазақстанның басқа өзен көлдерінде айтарлықтай өзгерістер болмайды

Соңғы жаңалықтар