Жұма күні республиканың басым аумағында жауын жауады
Жұма күні Қазақстанның басым аумағы атмосфералық тұтас ағым ықпал етуінен онда күн күркіреп, жауын жауып, екпіндетіп жел соғады, деп «Қазгидромет» РМК хабарлайды. |
Жұма күні Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз өтпелі жауын жауады, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады, екпіні 18 м/с, ауа температурасы +25+27 градус болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығып, күндіз өтпелі жауын жауып, күн күркіреп, солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады, екпіні 12 м/с болады, ауа температурасы +25+27 градус болады.
Синоптиктердің мәліметтерінше, Қазақстанның солтүстігінде Солтүстік Қазақстан облысында күн ашық болады. Онда түнде және атңертең кей жерлерінде тұман түседі, ауа температурасы +22+27 градус болады. Ақмола, Қостанай, Палодар облыстарында күн күркіреп, өтпелі джауын жауып, ауа темпертаруасы сәйкесінше, +22+27, +23+28 және +29+34 градус болады. Павлодар облысында кей жерлеріндегі желдің жылдамдығы 15-22 м/с болады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында өтпелі жауын жауады, жекелеген аудандарда 15-22 м/с жел соғып, ауа температурасы +23+28 градус болады, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, 15-22 м/с жел тұрады, ауа температурасы +22+27 және +26+31 градус болады.
Республиканың оңтүстігінде Алматы облысында аздап жауын жауады, кей жерлерінде 15-22 м/с жел соғады, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, ауа температурасы +23+28 градус, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерінде 15-20 м/с, ауа температурасы +27+32 және +34+39 градус, Қызылорда облысында да жауын-шашын күтілмейді, ауа температурасы +33+38 градус болады.
Қазақстанның батысында барлық облыстарда күн ашық, Атырау облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы +33+38 градус, Маңғыстау облысының жекелеген аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, ауа температурасы +33+38 градус, Батыс Қазақстан облысында +30+35, Ақтөбе облысында ауа температурасы +25+30 градус болады.
Синоптиктердің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан, Қызыорда облыстарында, Алматы облысының солтүстігі, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында өрт туындау қаупі өте жоғары болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін