Жарияланды: 420

Жұма күні республиканың шығысы мен солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін

Жұма күні Қазақстанның басым аумағы циклон мен сонымен байланысты атмосфералық тұтас ағым ықпалында болып, ол жерлерде найзағайлатып, нөмерлетіп, жекелеген аумақтарында бұршақ жауып, екпіндетіп жел соғады. Республиканың батыс аумағы антициклон тармағының ықпалында болып, онда жауын-шашынсыз ауа райы болады деп күтілуде, деп «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Хабарда айтылғандай жұма күні Астанада ала бұлтты, өтпелі жауын жауады, найзағайлатып, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғып, екпіні 15-20 м/с болып, ауа температурасы +21+23 градус болады. Алматыда ала бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с самал соғып, ауа температурасы +27+29 градус болды. Қазақстанның солтүстік аумағында барлық облыстарында жауын-шашын болады деп күтілуде. Ақмола, Павлодар облысында кей жерлерінде 15-22 м/с жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, ауа температурасы, тиісінше, +18+23, +20+25 градус болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде 15-22 м/с жел соғып, бұршақ жауып, ауа температурасы тиісінше, +15+20 және +18+23 градус болады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында найзағайлатып, өтпелі жауын жауып, кей жерлерінде 15-22 м/с жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, ауа температурасы тиісінше, +14+19 және +25+30 градус болады. Қазақстанның оңтүстігінде өтпелі жауын жауады деп күтілуде. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облысында сондай-ақ кей жерлерінде 15-22 м/с жел соғады, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы +27+32, Алматы облысында +26+31 градус болады. Қызылорда облысында кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, ауа температурасы +23+28 градус болады. Республиканың батысында Ақтөбе облысында өтпелі жауын жауып, кей жерлерінде 15-22 м/с жел соғып, ауа температурасы +17+22 градус болады. Атырау, Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерінде 15-22 м/с жел соғып, ауа температурасы тиісінше +27+32 және +22+27 градус болады. Маңғыстау облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, таңертең жағалауда тұман түсіп, ауа температурасы +27+32 градус болады. Метеоқызметтің хабарлауынша, республиканың батысы мен оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Жақын күндері Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл мен Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады. Қазақстанның басқа өзен-көлдерінде айтарлықтай өзгерістер болмайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть