Бұл туралы ол Әсел Ауылбековаға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Динара Сәтжән бұл шешімді күйеуін кездестірмей тұрғанда қабылдап қойғанын айтты.
”Мен тегімді ауыстырып жатырмын. Мен бұны Жұмабекті жолықтырмай тұрып шешіп қойғанмын. Ұзақ уақыт жалғыз болдым. Өзіме неге мен жалғызбын деген сұрақ қойдым. Менің барлық назарым, жұмысым Динара Сәтжан деген бренд қалыптастыруда болды. Сонда анама мен тұрмысқа шықсам, тегімді ауыстырамын дедім. Ол неге деді. Мен Сәтжан деген есім үшін бәрін істедім деп жауап бердім. Эстафетаны әулетіміздегі келесі ұрпаққа беремін. Өзім тұрмысқа шығып, тегімді ауыстырып, сол әулеттің атын шығарамын. Менің өз отбасым болу үшін тегімді ауыстыруым керек дедім. Өмір тек мансаптан тұрмайды. Сондықтан мен күйеуіме, оның жеке брендіне жұмыс істеуге дайынмын”, — дейді ол.
Динара Сәтжан Жұмабек Жанықұловтың 2 жыл бұрын ажырасқанын айтып, алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойды.
”Біз Жұмабектен сұхбат алған кезімде жақынырақ таныстық. Оның бірінші отбасына қатысты сұрақтар көп екенін білемін. Ол 2023 жылы ажырасқан. Бірақ мен бір көргеннен ғашық болдым дей алмаймын. Мен ондайға сенбеймін. Бір көргеннен сүйіп қалу рас болса, барлық әйелдер әдемі ерлерге ғашық болып қалатын еді ғой. Адамға ғашық болу үшін оны тану керек. Жұмабектің адамдарға көп көмектесетіні мен таң қалдырады және шабыттандырады. Оның дәл осы қасиеті мені баурап алды. Ол — өте мейірімді”, — дейді ол.
Сондай-ақ, тележүргізуші кәсіпкер күйеуі жиі еркелетіп, бағалы сый жасағысы келетінін де жасырмады.
”Мен әулетіміздегі бірінші немеремін. Мені бәрі еркелететін. Қазір де Жұмабек мені еркелеткісі кеп тұрады. Бұл тұрғыдан мен бәрін салқынқанды қабылдаймын. Жұмабек саған Rolls-Royce алып берейін дейді. Мен не үшін, онымен түсірілімдерге қалай барамын деп жауап бердім. Маған әзірге өзімде бар көлік ұнайды”, — дейді ол.