Жарияланды: 290

Жұмаға қараған түні Қарағандыда үш автокөлік өртеніп кетті

Қарағандылық полицейлер жұмаға қараған түні автотұрақта тұрған үш көлікке өрт қойған қылмыскерлерді іздестіріп жатыр.

«Бір автотұрақта тұрған «Фольксваген Гольф-4», «Хюндай» және «Опель» көліктері бір мезетте өртеніп кетті. Өртенген көлік иелері полицияға арыз берді», - деп хабарлайды Қазыбек би аудандық прокуратура өкілі. Оның айтуынша, өрт-техникалық сараптама қорытындысы болмағандықтан қылмыстық іс қозғалған жоқ. Дегенмен, көліктердің қасақана өртелгені көзге көрініп тұр, деп қосты маман.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін