Жұмыс беруші ақылы еңбек демалысын 42 күнге дейін ұзарта ала ма - kaz.caravan.kz
  • $ 482.53
  • 555.44
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұмыс беруші ақылы еңбек демалысын 42 күнге дейін ұзарта ала ма

Жұмыс беруші ақылы еңбек демалысын 42 күнге дейін ұзарта ала ма

Жұмыс беруші өз бұйрығымен жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын ешқандай қосымша негіздемесіз және келісусіз 42 күнге дейін ұзарта ала ма? Бұл сұраққа Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті жауап берді

  • 27 Наурыз
  • 7
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 88-бабына сәйкес, қызметкерлерге жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы 24 күнтізбелік күн мөлшерінде беріледі.

Егер одан да ұзақ мерзім Еңбек кодексінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде, еңбек немесе ұжымдық шартта, сондай-ақ жұмыс берушінің актілерінде көзделмесе, бұл – ең төменгі шек болып саналады.

Комитеттің мәліметінше, Еңбек кодексі тек ең төменгі стандарттарды, негізгі кепілдіктер мен өтемақыларды белгілейді. Ал еңбек қатынастарының тараптары бұл шарттарды қызметкердің пайдасына қарай жақсарта алады.

Осылайша, тараптар келісім, ұжымдық немесе еңбек шарты аясында жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын заңда белгіленген минимумнан жоғары етіп белгілеуге құқылы.