Жұмыс істейтін жастар жеңілдетілген ипотекаға белсенді өтініш беріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұмыс істейтін жастар жеңілдетілген ипотекаға белсенді өтініш беріп жатыр

Жұмыс істейтін жастар жеңілдетілген ипотекаға белсенді өтініш беріп жатыр

Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы қатысушыларының 81%-ы жеңілдетілген ипотекаға өтініш берді

  • 14 Мамыр
  • 14
ФОТО: pixabay

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдан бастап жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы кезең-кезеңімен аяқталады. Бағдарлама қатысушылары жалдау шартында белгіленген мерзімнің аяқталуына байланысты мемлекеттік пәтерлерден шығуда.

Оларға мемлекет тиімді балама ұсынып отыр – 17 өңірде «Отбасы банкімен» бірлесіп жастарға арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылды. Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10-20%-ын, жылдық мөлшерлеме өңірге байланысты 5-9%-ды құрайды, — делінген министрліктің хабарламасында.

Бүгінгі таңда «Отбасы банк» АҚ филиалдарына 2026 адам жүгінді. Бұл – жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың жалпы санының 81%-ы.

Нәтижесінде 647 адамға несие берілді, 321 адам баспана іздеу үстінде. Қалған қатысушылардың төлем қабілеттілігін анықтау жұмыстары жүргізілуде.