Мемлекет басшысы университет студенттері, ғалымдары және оқытушыларымен кездесті . Павлодар мемлекеттік университетінде 10 мың студент оқып, 1 мыңнан астам ғалымдар мен оқытушылар жұмыс істейді. Университет құрылымына 51 кафедра, колледж және Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхананы қамтитын 11 институт кіреді. Университетте 7 мұражай кешені жұмыс істейді.
Павлодар мемлекеттік университетінде бірнеше бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Университет аясындағы зерттеулердің сыртында бұл білім ошағы биыл ҚР Ұлттық ғылым академиясына арнап 4605 мың теңгенің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда.
Сондай-ақ, жоғары оқу орнында студенттік филармония жұмыс істейді, оның құрамында пікірталас клубы, Тапқырлар мен алғырлар клубы мен «Жас психологтар» клубы ашылған. Аталмыш жоғары оқу орны 1961-жылы ашылған индустриялық институттың негізінде Павлодар мемлекеттік университеті ретінде 1999-жылы құрылған.