Жұмысқа қабылдау басталды: LRT жүйесіне қызметкерлер іріктеліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 495.1
  • 583.72
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұмысқа қабылдау басталды: LRT жүйесіне қызметкерлер іріктеліп жатыр

Жұмысқа қабылдау басталды: LRT жүйесіне қызметкерлер іріктеліп жатыр

«City Transportation Systems» ЖШС Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде жұмыс істеу үшін қызметкерлерді қабылдау басталғанын хабарлады

  • 6 Қараша 2025
  • 5
Фото: CTS

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Компания мына лауазымдарға үміткерлер іздейді:

  1. Станциялардың ауысым басшылары;
  2. Станция кезекшілері;
  3. Жылжымалы құрам орталығының қозғалыс диспетчерлері;
  4. Жылжымалы құрам орталығының орталықтандыру бекетінің диспетчерлері;
  5. LRT жабдықтары мен инфрақұрылымын басқару орталығының диспетчерлері;
  6. Дабыл техниктері;
  7. Байланыс техниктері;
  8. Электр монтерлері;
  9. Жол жөндеу учаскесінің шеберлері;
  10. Жабдықтарды жөндеу слесарьлары;
  11. Қойма меңгерушілері.

-LRT жүйесінде жұмыс істейтін болашақ мамандарды оқыту жұмыс беруші есебінен жүргізіледі. Теориялық және практикалық дайындық Қазақстанда және Қытай Халық Республикасында өтеді. Курстың ұзақтығы мамандыққа байланысты — 4-6 ай. Бағдарлама аяқталған соң қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификат табысталып, барлығы LRT бөлімшелеріне жұмысқа орналастырылады, — делінген ақпаратта.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

– көлік, машина жасау, электр техникасы немесе тиісті салалар бойынша жоғары немесе орта-арнаулы білім;
– кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.

Толық біліктілік талаптары cts.gov.kz сайтында жарияланған. Түйіндемелер осы сайт арқылы қабылданады.