«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші кезеңі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші кезеңі басталды

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші кезеңі басталды

Өңірлерде «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша дайындық жұмыстары аяқталып, бірінші кезеңі басталды. Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде айтылды.

  • 28 Шiлде 2011
  • 467
Фото - Caravan.kz

Бағдарлама аясында Премьер-Министрдің басшылығымен ведомствоаралық комиссия құру туралы Үкіметтің қаулысы қабылданды және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажетті бірқатар бұйрықтары қабылданды, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Бағдарлама үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бірінші бағыт — еңбек нарығындағы өзін өзі жұмыспен қамтушыларды, жұмыссыздарды, аз қамтылған отбасылар мүшелерін оқыту, оларды жұмыспен қамтыса, екінші бағытта кәсіпкерліктің ауылдық жерде дамуына жәрдемдесу жүзеге асырылады. Ал, үшінші бағыт — еңбек ресурстарының жинақылығын арттыруды көздейді.

Бағдарламаның бірінші бағытына сәйкес, алдымен жергілікті әкімдіктер деңгейінде әлеуетті қатысушылар анықталатын болады. Сосын олармен әлеуметтік келісімшарт жасалады, онда азаматтың қай бағытты игеру мүмкіндігі, ебі сараланып, одан соң сол адаммен консультация жасалып, оқу ұсынылады. Шәкіртақы мен жол жүруге қажетті шығындар қарастырылады. Ең соңында келісімшарттың міндетті шарты ретінде әлгі азамат жұмысқа орналасады. Бұдан кейін, белгілі бір кезеңге дейін жұмыс берушімен қосымша қаржыландыру туралы шарт жасалады.

Ағымдағы жылы жұмыспен қамту бағдарламасын ілкі жоба ретінде жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 40 млрд. теңге бөлініп отыр. Мемлекеттік қолдау шараларымен 100 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.

Сонымен қатар қазірдің өзінде бағдарламаны 2012 жылы жүзеге асыру үшін қажетті бюджет қалыптасуда.

ҚР Статистика агенттігінің алдын ала мәліметтері бойынша ағымдағы жылдың 2 тоқсанында экономикалық белсенді халық саны 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51 мың адамға өсіп, 8671,4 мың адамды құраған.

Көрсетілген кезеңде жұмыспен қамтылған халық саны 87,9 мың адамға көбейіп, 8204,4 мың адамға жеткен. Ал жұмыссыздар саны 36,9 мың адамға қысқарып, 467 мың адамды құрайды.

Соңғы жаңалықтар