Жарияланды: 330

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының нәтижелері жаман емес

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің пайымдауынша, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының нәтижелері жаман емес.

Бүгін селекторлық режімдегі Үкімет отырысында аталған ведомствоның басшысы Серік Әбденов осылай айтты. «Өткен жылы мемлекеттік қолдау шараларымен 58,6 мың адам қамтылды. Оның ішінде 35 мың адам жұмыссыздар қатарындағылар, ал 3 мыңы күнкөрісі төмен санаттағы адамдар. Сондай-ақ, өз-өзін жұмыспен қамтыған 21 мың адамның өнімділігі арттырылды»,-деді министр. Оның сөзіне қарағанда, биыл осы көрсеткіштер 1,7 есеге артты. 11 айдың нәтижесі бойынша бағдарламаға қатысушылардың құрамына 100 мың адам енгізілді. Оның ішінде 67 мыңы - жұмыссыздар, 6,2 мыңы - күнкөрісі төмен және 26 мыңы өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін