«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының нәтижелері жаман емес - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 607.18
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының нәтижелері жаман емес

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының нәтижелері жаман емес

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің пайымдауынша, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының нәтижелері жаман емес.

  • 11 Желтоқсан 2012
  • 313
Фото - Caravan.kz

Бүгін селекторлық режімдегі Үкімет отырысында аталған ведомствоның басшысы Серік Әбденов осылай айтты.

«Өткен жылы мемлекеттік қолдау шараларымен 58,6 мың адам қамтылды. Оның ішінде 35 мың адам жұмыссыздар қатарындағылар, ал 3 мыңы күнкөрісі төмен санаттағы адамдар. Сондай-ақ, өз-өзін жұмыспен қамтыған 21 мың адамның өнімділігі арттырылды»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, биыл осы көрсеткіштер 1,7 есеге артты. 11 айдың нәтижесі бойынша бағдарламаға қатысушылардың құрамына 100 мың адам енгізілді. Оның ішінде 67 мыңы — жұмыссыздар, 6,2 мыңы — күнкөрісі төмен және 26 мыңы өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдар.