«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы мамандық алуға және өз ісін бастауға көмектеседі - Павлодар - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы мамандық алуға және өз ісін бастауға көмектеседі - Павлодар

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы мамандық алуға және өз ісін бастауға көмектеседі - Павлодар

Павлодардың облыстық газеттері «Аймақ айнасы» веб-порталында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына арналған интернет-конференция өткізді.

  • 24 Маусым 2011
  • 501
Фото - Caravan.kz

Сайтқа 600-ден астам оқырман кірді, негізінен Қазақстан азаматтары. Бағдарламаның ТМД елдері тұрғындарының да ықыласын аударып отырғанын айта кету керек. Сауалдарға еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының міндетін атқарушы Хелуа Кашкенова жауап берді.

Павлодар облысында экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық дамыған аудандарға еңбек миграциясымен байланысты бағдарламаның ілкі жобасы жүзеге асырылуда. Сайтқа кірушілер осы бағдарламаға қалай қатысуға болатыны, қандай шартпен оларға баспана берілетіні, көшкен жағдайда берілетін жәрдемақының көлемі туралы сауалдар қойды. Тағы біраз оқырмандар өз істерін ашуға және мамандық алуға жеңілдікті несие алудың мүмкіндіктері туралы сауалдар қойды.

Облыстық газеттердің оқырмандары барлық сауалдарға берілген жауаптарды басылымдардың беттерінен оқи алады.

Соңғы жаңалықтар