Бұл туралы дәрігер Ғабит Нұрханұлы фейсбуктегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Дәрігер Астана қаласында жұмысқа орналасу барысында, тағы бір құжатпен толыққанын айтты.
"Қызық болғанда Астана қаласының 4 емханасына бойжеткендерді жұмысқа алғанда, диплом, сотталмаған, наркоман емеспін деген қағаздармен қатар екіқабат емеспін деген де құжат өткізу керек екен. Құжат болған экспрес тест таяқшалары жарамайды екен , міндетті түрде ХГЧ анализын тапсырып, печать қойдырып қойып алып келу керек екен. Балалары бар, тұрмыстағы қыздардан сұраса мейлі екен , әлі тұрмыс құрмаған қыздарда тапсыру керек екен. Светая Марияны барлығы ең пәк қыз деп жүргенде екі қабат болып қалып, айды аспанға бір-ақ шығарды ғой, соған қорқып қалған болса керек, енді ешкімге сенбейді.
4 қалалық емхана сіздерге айтар кеңесім, жұмысқа тек "пәк" қыздарды алыңыздар. Себебі, тұрмыс құрғандары болса ,енді адам болған соң, күйеуімен жатып қою мүмкін, арасына адамдарыңызды жіберіп бақылап отырмасаңыздар. Тұрмыс құрмағандары да пенде ғой, қыдырып қояды, тойлап қояды. Тек "пәк" қыздарды алсаңыздар ондай проблема болмайды. Жылына бір, екі рет тексеру жүргізіп, "пәктігінен" айрылған күні жұмыстан шығарып отырыңыздар. Сол кезде ешкім жүкті болмай , жұмыс үзілмейді", деп жазды.
"Ол анализді сұрауға қандай құқы бар? Ондай заң жоқ", "Еліміздің заңының қай бабында жазылған?", "Кореяда осындай заң бар.. Ең әуелі екіқабат болмаймын деп контракт жасатып алып, содан кейін жұмысқа алады. Дамыған ел болайын деген шығар", деп жазды оқырмандар.