Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«ҚР Ұлттық статистикалық бюросымен бірлескен жұмыс шеңберінде Қазақстанның 70 қаласының азаматтары бір мезгілде 1414 қызметінен ауыл шаруашылығы халық санағын өткізу үшін санақ қызметкері (сұхбаттасушы) ретінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарламалар алады», делінген ведомство хабарламасында.
Ауыл шаруашылығы санағы 1-31 тамыз аралығында арнайы интернет-порталда өзін-өзі толтыру әдісімен, ал 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен жүргізіледі.