Жарияланды: 420

Жұмыссыз жүрген азамат вокзалдағы дүңгіршекті тонаған - Атырау

Атырау қаласында жүргізілген жедел-іздеу шараларының барысында Ішкі істердің желілік бөлімінің қылмыстық полиция қызметкерлері 5 маусым күні Атырау стансасында 1957 жылы туған Е. деген жұмыссыз жүрген азаматты ұстады.

Көліктегі Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай Атырау облысы Құрманғазы ауданының тұрғыны болып табылатын және қазір жұмыссыз жүрген әлгі азамат 1 маусым күні түнде Атыра стансасының теміржол вокзалының перронындағы дүңгіршектің терезесін сындырып кіріп, 30 мың теңге соманың тауарын тонаған. Полиция қазір тергеу амалдарын жүргізуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін