Көліктегі Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай Атырау облысы Құрманғазы ауданының тұрғыны болып табылатын және қазір жұмыссыз жүрген әлгі азамат 1 маусым күні түнде Атыра стансасының теміржол вокзалының перронындағы дүңгіршектің терезесін сындырып кіріп, 30 мың теңге соманың тауарын тонаған.
Полиция қазір тергеу амалдарын жүргізуде.