Жұмыстан айырылған журналистер өз қаражаттарына жаңа газет шығара бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұмыстан айырылған журналистер өз қаражаттарына жаңа газет шығара бастады

Жұмыстан айырылған журналистер өз қаражаттарына жаңа газет шығара бастады

Грекия астанасы Афиныда қаржы дағдарысының салдарынан жұмысынан айырылған журналистер бірігіп, жаңа газет шығара бастады.

  • 7 Қараша 2012
  • 260
Фото - Caravan.kz

Оларды мұндай қадамға баруға бір жағынан экономикалық жағдай, екіншіден, өз істеріне деген сүйіспеншілігі итермелеген, деп хабарлайды «Қазақстан» ұлттық арнасы.

«Редакторлардың газеті» деп аталатын жаңа басылым қызметкерлерінің барлығы бұрын бүкіл елге әйгілі болған «Баспасөз бостандығы» газетінің тілшілері. Газет басшылығы оларға жалақыларын төлей алмай, былтыр қызметтен босатыпты.

Сөйтіп, журналистер 1000 еуродан жинап, жаңа газет ашады. Десе де, бұл басылымның да жағдайы мәз емес қазір. Себебі, жұмыссыздық рекордтық 25 пайызға жеткен елде, күніне оның тек 15 мың данасы сатылады. Және де мамандар газеттің көп бөлігін жарнамаға арнауға мәжбүр.

Соңғы жаңалықтар