Жұмыстан қуылған судьялардың орнын басатын заңгерлер іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұмыстан қуылған судьялардың орнын басатын заңгерлер іздестірілуде

Жұмыстан қуылған судьялардың орнын басатын заңгерлер іздестірілуде

Сот жүйесі тазаруда. Өз міндеттерін дұрыс атқармаған бірнеше судья қызметтерімен қоштаспақ. Бұл шешімді бүгін Жоғарғы соттың кеңесі шығарды. Енді жауапсыз мамандардың тағдырын Елбасының өзі шешетін болады. Өйткені оларды жұмыссыздардың қатарына Президенттің үкімінен кейін ғана қосуға болады.

  • 28 Мамыр 2011
  • 426
Фото - Caravan.kz

Әділетсіз судьяларды анықтау мақсатында осыған дейін қызметтік тексеру жүргізілген. Алта адам сенімді ақтамады деп танылды. Олар — аудандық және облыстық деңгейде қызмет атқарғандар. Әзірге қандай қателік жасағандары белгісіз. Дегенмен Жоғарғы сот кеңесінің мүшелері олардың әрі қарай жұмыс істей алатынына күмәнді. Қазірдің өзінде жұмыстан қуылған судьялардың орнын басатын заңгерлер іздестірілуде. Бұл мақсатта байқау да жарияланды. Алғашқы сатысынан кейін 300 адамның ішінен 22-сі ғана іріктелген. Оларға жоғары талап қойылып отыр.

Оксана Петерс, ҚР Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы:


— Әділетсіз, жауапсыз атқарған адамдар ғана қызметтерінен босатылады. Ол әрі қарай да жүзеге асырыла береді. Өйткені қазір біздің басшылықтың, Елбасының тапсырмасы:  әрбір судья өзінің аса жауапты жұмысын біле отырып атқарса ғана халықтың сенімінен шығады.

Ал еліміздің Бас прокуратурасы шұғыл байланыс желісін ашты. 115 телефон нөмірі арқылы сот, құқық қорғау органдарының жұмысына қатысты арыздар, сондай-ақ түрлі қауіп-қатерлер мен сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат қабылданады. Арнайы орталық тәулік бойы жұмыс істемек.  

Соңғы жаңалықтар