Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
«Қыдекеңнің әлемі бөлек, ерекше. Ешкімге ұқсамайтын әлемі бар. Мен керісінше елестете алмаймын. Бір ізбен кіріп, бір ізбен шығу. Жұмысына барып келіп, бір күні екіншісіне ұқсайтын адамның өмірі қызықсыз сияқты. Қайнап, лапылдап, жанып үргін-сүргін болып үлгермей жатамыз. Бір күні ұшып кетеміз, бір күні қонамыз. Анда барамыз, мында барамыз. Өмір осынысымен керемет. Осынысымен сәнді. Жабылып қалған клеткаларың ашылып, сол толқынға түсіп аласың. Маңдайыңа қандай тағдыр береді соған байланысты иммунитет, күш-жігер, қайрат. Қуатыңды көтеріп қоятын сияқты», — деді әнші.
Сұхбат барысында ол Қыдырәлі Болмановтың махаббат жайлы әнді басқа әншілермен айтқызбайтынын айтты.
«Мен Қыдекеңнен басқа ешкіммен дуэт айтпаппын. Мадинамен кезінде «Ал құрбым» әнін айттық. Дуэтке ән айтуға ұсыныс көп, бірақ асыл жарым оны аса қолдамайды. Ол да дұрыс шығар, продюсердің өз ұстанымы бар. Айтсақ екеуміз ғана айта береміз. Әйтпесе, махаббат жайлы әр әншімен жырлай беретін әншілер көп. Біздің жағдай оған келмейді. Махаббат жайлы әнді тек Қыдекең екеуміз бірге жырлаймыз», — деді Қарақат Әбілдина.