Жұмысынан айырылған қазақстандықтар 10 млрд теңгеге жуық төлем алды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұмысынан айырылған қазақстандықтар 10 млрд теңгеге жуық төлем алды

Жұмысынан айырылған қазақстандықтар 10 млрд теңгеге жуық төлем алды

Бұл төлем жоғалтқан табысының 45%-ын құрайды.

  • 13 Ақпан
  • 5
Фото: caravan.kz

Жұмысынан айырылуына байланысты 106 мың адам әлеуметтік жәрдемақы алды. Оның ішінде 31 мың азаматқа биыл тағайындалды. Жалпы төлем сомасы 9,4 млрд теңгені құрады, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жұмысынан босатылған азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мен соңғы 24 айдағы табысына байланысты бір айдан алты айға дейін әлеуметтік төлем алады. Бұл төлем жоғалтқан табысының 45%-ын құрайды.

Жәрдемақы алу үшін жұмыстан босатылған адамға келесі қадамдарды орындау қажет:

-eGov.kz порталында авторизациядан өту;
-«Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінен «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;
-Қызметке онлайн тапсырыс беріп, барлық өрістерді толтырып, өтінімді ЭЦҚ арқылы жіберу;
-Бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі Карьера орталығы (КО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
-Егер жұмыс табылмаса, үш жұмыс күні ішінде қашықтан «жұмыссыз» мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда КО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін өтініш берушімен байланысады).

Бұл қызметті онлайн режимде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

Перейти к новостям спорта