«Жүн қылып түтіп жатыр»: Коуч Роза Әшірбаева хиджаб туралы ойын айтып, елден оңбай сөз естіді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жүн қылып түтіп жатыр»: Коуч Роза Әшірбаева хиджаб туралы ойын айтып, елден оңбай сөз естіді

«Жүн қылып түтіп жатыр»: Коуч Роза Әшірбаева хиджаб туралы ойын айтып, елден оңбай сөз естіді

Танымал коуч, психолог Роза Әшірбаева хиджаб туралы ойы үшін елден жаппай сөз естіп жатқандығын жасырмады.

  • 16 Тамыз 2023
  • 344
Фото - Caravan.kz


Айтуынша, ол адамдарға не кисе де ерік беруі керек деген пікірімен бөліскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ойын ол өзінің желідегі парақшасында жазды.

«Хиджаб, орамал тақырыбы туралы өз позициямды ешқашан жасырған емеспін, сұрақ қойған кезде ашық айтатынмын.

Біздің қоғам бірдей адамдардан тұрмайды, біздер — әртүрліміз. Адамдар өз діндерін (радикалды болмаса), өз өмір салтын ұстануға құқылы деп ойлаймын. Әр адам өз қалауына сай киінеді. Ашық киінсе де, жабық киінсе де өз құқығы емес пе?

Егер қыз баласы өз отбасында орамалды анасын, әжесін, әпкелерін көріп өссе, қыз үшін ол нәрсе норма болса, неге оқу орны қыздың өмір салтына қарсы келеді? Орамал таққысы келген қыз білім алудан шектеліп қалмай ма? Мен осы нәрсені түсінбей қойдым.

Ауғаныстан мен Сирия болып кетеміз дейсіздер, ол мемлекеттердегі катастрофа бір-бірін шектеуден, бір-бірінің құқығын таптаудан, бір ғана көзқарасты дәріптеуден болды ғой, киімнен емес.

Құрметті менің “родной” оқырмандарым, бірінші кезекте бір-бірімізді, бір-біріміздің шешімдеріміз бен таңдауымызды құрметтеп үйренейікші.

Орамал кигісі келгендер — кисін, кигісі келмегендер — кимесін. Адамның киіну құқығына қол салмайықшы.

P.S. Қызық, орамал тақырыбында тура осы көзқарасымды бірнеше айлар бұрын айтқанда негатив болған жоқ еді, бүгін тегі мені жеп, жүн қылып түтіп жатыр. Не өзгерді осы бірнеше айда? Қоғамда орамал киген қыз-келіншектерге қарсылылық неге көбейіп кетті?», — деп жазды ол.