"Жүрегіме ақша, дүние дегенді кіргізіп алыппын": Жанар Байсемізова қалай өзгере бастағаны жайлы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жүрегіме ақша, дүние дегенді кіргізіп алыппын": Жанар Байсемізова қалай өзгере бастағаны жайлы айтты

"Жүрегіме ақша, дүние дегенді кіргізіп алыппын": Жанар Байсемізова қалай өзгере бастағаны жайлы айтты

"Дүние-боқ. Еңбек ет, талпын, әрекет жаса. Бірақ дүниенің құлы болма", - деді белгілі журналист Жанар Байсемізова желіде.

  • 12 Сәуiр 2021
  • 311
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлады.

Ол  өмірге деген көзқарасының қалыптасуы жайлы былай деді:

"Логотерапияның ішіне енгелі бері бұрыннан да тереңірек “думкаға” түсетін болдым. Көп нәрсеге басқаша көзқарас қалыптаса бастады. Бойымда болмысымнан бар, бірақ қым-қуыт тіршіліктің қатпарында кейде қалғып кететін ар-ұятым қайтадан оянып жатыр. Есімім де тегін қойылмаса керек деп қоям кейде:).
Жан мен ардың қосындысы мені жетелеп келеді.

Мен ешқашан материалдық дүниеге қатысты ешнәрсе армандамаппын, үй-жай, көлік деген сияқты, ұмтылмаппын.
Сосын жан-жағымдағы дәулетті құрбы-құрдастарға қарап, қаптаған ақшаға қатысты ақпараттардың ықпалына түсіп, мен дұрыс өмір сүрмеппін ғой деп күйініп кетіппін.

Дүние жинамағаным, баспана қамын күйттеп, қымбат көлік мінуге талпынбағаным менің бейшаралығым деп ұғып қалыппын.

Нью-Йоркта, Парижде Луи Витон, Шанель, Прада т.б. дүкендерін аралағанда өзіме бренд зат алуды ойламадым. Хотя сол кезде қасымдағы режиссер мен оператор Праданың костюмдерін алды. Ол кезде менің ойымда бренд-сренд деген ауру жоқ, клеткаларымның бәрі #Шетелдегіқазақбалаларының жұмысын ойлап жыбырлап жатқан.

Мұнда ғой, үстіңдегі киімің мен ұстаған сумкаң, қолыңдағы телефонға, статусыңа қарап бағалайтын, араласуға тұра ма, жоқ па деген сияқты төбеден қарайтын редукционист адамдардың шылауына түсіп қалып, материяның құлына айнала бастағаным.

Сөйтіп, жүрегіме ақша, дүние дегенді кіргізіп алыппын.
Рухани практика деп тілім сайрап жатқанмен, ішімді материалдық құндылықтарға қатысты ашкөздік жайлай бастапты. Иә, ол да қажет дейді санам, бірақ Рухым көнбейді.
Ал, қалауын ала алмаған нәпсім атой салып, бәрін қырып барады.

Адамның осы дүниеде күйттейтіні тек материя, релакс, ләззат алу, тойынып ішу, бағалы киім кию, потолокқа шырт түкіріп жату болса, сонда адам кім, не болғаны?!
Адамды дүние-мүлкіне қарап, шыққан биігіне қарап, “успешный” деп атақ бергендер кім?

Инстаграмдағы жарқ-жұрқ еткен парақшалардан берілетін месседждің бәрі — сен дұрыс өмір сүріп жатқан жоқсың, мендей бол, ақшаға қатысты ойларың теріс, былай ойла, сен де жақсы өмірге лайықсың, сен де бренд киюге лайықсың бла-бла-бла дей береді.
Алайда өмірдің мәні бұл емес.
Дүние-боқ. Еңбек ет, талпын, әрекет жаса. Бірақ дүниенің құлы болма. Ақшаға қызмет етпе. Ақша сенің малайың болсын",- деп жазды Жанар Байсеміова.

 

Соңғы жаңалықтар