Жүрек ауруына шалдыққан 2 жасар сәбидің өмірі қыл үстінде - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жүрек ауруына шалдыққан 2 жасар сәбидің өмірі қыл үстінде

Жүрек ауруына шалдыққан 2 жасар сәбидің өмірі қыл үстінде

Туғанынан жүрек ауруына шалдыққан 2 жасар Нұрсезімге жедел операция керек. Сәбидің өмірін арашалап қалуға Германиялық мамандар қол ұшын созуға дайын. Бірақ, шетелдіктер қомақты қаржы талап етуде.

  • 11 Қаңтар 2013
  • 343
Фото - Caravan.kz

Екі қадам аттаса ентігіп, талып қалатын бүлдіршін анасының қолынан түспейді. Осы жасына дейін сәбиге Туркияда екі рет операция да жасаған. Бірақ нәтиже жоқ. Енді бар үміт неміс мамандарында. Нұрсезімнің жақындары машақаты көп квотаға қол жеткіземіз деп жүріп баланың ауруын асқындырып алған. Қуандықовтар үшінші операцияға керекті 60 мың еуроның жартысын өздері жинап та қойыпты. Кішкентай ғана Нұрсезімнің тағдырына бей-жай қарай алмаған жомарт жандар енді қалған қаржыны жинауға көмектессе деген үмітпен отыр.


Қызболған Мырзатаева, әжесі:

Бар үмітіміз германиялықтарда. Біз екі рет операция жасаттық, енді үшінші операция жасау керек. Отаның жарты сомасын жинадық. Қалған соманы жинауға шамамыз жоқ.