Жүргіншіні өлімші етіп қағып, оқиға орнынан ізін жасырған жүргізуші іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жүргіншіні өлімші етіп қағып, оқиға орнынан ізін жасырған жүргізуші іздестірілуде

Жүргіншіні өлімші етіп қағып, оқиға орнынан ізін жасырған жүргізуші іздестірілуде

Алматы қаласының Әкімшілік полиция басқармасы жүргіншіні өлімші етіп қағып кеткен және оқиға орнынан із жасырып үлгерген белгісіз автокөліктің жүргізушісін іздестіруде.

  • 15 Сәуiр 2015
  • 403
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.   

Жан түршігерлік оқиға 12 сәуір күні, шамамен кешкі сағат 20:00-де болған. Бекмаханов көшесі бойымен батыс бағытта келе жатқан жүргізуші Бұрындай көшесімен қиылысар жерде Алматы облысының 60 жастағы тұрғынын қағып кетеді. Жүргінші жол-көлік оқиғасы салдарынан бірнеше сағаттан кейін №4-ші қалалық клиникалық ауруханада көз жұмды.       

«Ал әлі анықталмаған автокөліктің жүргізушісі оқиға орнынан із жасырып үлгерген. Дегенмен, полиция қызметкерлері куәгерлердің көмегімен оның  фотороботын жасады. Ол тез арада Алматы қаласы мен облысының барлық полиция бөлімшелеріне таратылды»,  делінген мәлімдемеде.  


Алматы полициясы осы жол-көлік оқиғасына куә болған жүргізуші туралы тұспалдап болса да білетін азаматтарды мына телефондарға хабарласуларын сұрайды: 254-47-80; 8-707-814-68-47; 8-707-837-78-13 және 8-701-707-36-96.

Хабарласушылар туралы ешбір деректің таратылмайтындығына кепілдік беріледі.