Жүргізуші куәлігіне қосымша талондар тегін беріледі - ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 543.24
  • 619.89
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
2 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жүргізуші куәлігіне қосымша талондар тегін беріледі - ІІМ

Жүргізуші куәлігіне қосымша талондар тегін беріледі - ІІМ

Алматы. 13 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Жүргізуші куәлігіне қосымша талондар тегін беріледі, деп хабарлайды агенттік ҚР ІІМ-іне сілтеме жасап.

  • 13 Ақпан 2008
  • 526
Фото - Caravan.kz

Жүргізуші куәлігіне қосымша талондар беру мәселесі бойынша кеше өткен арнаулы кеңесте ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов «аталмыш процедураның ұйымдастырылуына қатаң баға берді», деп хабарлайды баспасөз қызметі. Кейінгі кездері ІІМ-іне арнаулы талондарды сатуға қатысты автокөлік иелерінен көп арыз-шағым түскен.

Осыған байланысты Б. Мұхамеджанов жол полициясының басшылығына талонды шығарушы фирмамен құжатты барлық санаттағы азаматтарға тегін беру мәселесін дәйектеуді тапсырды.

«Арнайы жұмыс тобы құрылып, оған жүргізуші куәлігіне қосымша талондар беру жұмыстарын ұйымдастыруда анықталған кемшіліктерді жою және түзетуге тапсырма берілді»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Министр, сондай-ақ, талондарды сатып алған азаматтарға ақшасын қайтару жайын ойластыруды тапсырды.

Бүгінгі жағдаймен 42 200 талон берілген, оның 14 мыңы — тегін.

ІІМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, талонды таратуда фирма-инвестордың жасап шығарған өнімдерін сату барысында қиындықтар туындаған. Атап айтсақ, бұрынғы келісім бойынша өндіруші- фирма талондарды қосымша функциялармен шығарған. Атап айтсақ, оның көмегімен сандық қол қою, ақшалай операцияларды жүзеге асыру мүмкіндіктері болған. Қосымша мүмкіндіктерге байланысты талонның бағасы да өсіп отырған. Алайда, баспасөз қызметінің хабарлауынша, талон тарату жұмысын коммерциялық арнаға шығарып жіберу салдарынан және қосымша функциялардың артуынан шараның бастапқы мақсаты көмескіленіп қалған.

ІІМ осы орайда » жүргізуші куәлігіне қосымша талон ҚР Әкімшілік құқықтық бұзушылықтар жөніндегі кодекске сәйкес, жүргізуші куәлігіне қосымша парақ болып табылады, ол жүргізушіге салынған және атқарылған әкімшілік жаза түрлері мен басқа да функциялары бар міндетті құжат болып табылады», деп еске салады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, талондарды енгізу жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтауға мүмкіндік береді. ІІМ мәліметінше, қазіргі жағдаймен 2,5 млн көлік жүргізушілерінің бұл 15-20%-ын құрайды. «Талондардың арқасында олар ұдайы жедел есепте болады», -дейді баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, талондарды енгізумен бірге ІІМ жол полициясы қатарында сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарын жүргізуде. Осы жұмыстардың аясында ағымдағы жылдың аяғына дейін барлық жол-патрульдік көліктерін бейнекамералармен жабдықтау көзделген. Жол полициясының барлық ауысымдары бейнекамераға жазылады. Соның арқасында жол полициясы қызметкерлерінің пара алу немесе бопсалау әрекеттеріне тосқауыл қойылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті