Камаз көлігінің жүргізушісі аман қалғанымен, лезде күш алған өрттен екі сағат ішінде он тонна зәйтүн майының дымы қалған жоқ. Жүк көлігінің тіркемесі де өрт сөндірушілер жеткенше толығымен жанып кетті. Тауар Түркиядан келе жатқан екен. Қазір шығын көлемі анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жау электр сымдарының тұйықталуынан шыққан.