Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Не болды соншама ұлардай шулап?!
«АСАНАЛИ» деген бір сөзге қадалып
Жүрсін! Бұл кісіге бәрі де жарасады. Асанәлі атамыз барлық құрметке лайықты!
Өз елінде жүрмегенде осылай, қай елде жүреді?!
Аңыз атамызға тиісуді қойыңдаршы тегі.
Жасы 85-ке келген атамыздың осылай марқайып жүргеніне өз басым қуанудамын. Мәдиінен бір айрылып, Сағиынан тағы айрылып ішқұса болған әртісіміз өмірден баз кешкендегі сұхбатын бір кездері оқып, ішім алай-дүлей болған еді…
Өз елінде еркелесін. Болмайтын шөпжелкелер де тайраңдап жүр емес пе?! Оның жанында атамызды
еркелете алмаймыз ба?!
Бір ғасырда бір рет дүниеге келетін Асанәлі Әшімовтей атамызды көзі тірісінде құрметтейік!
А, айтпақшы, Бекежанды кезінде жек көргеннің бірі едім.) Біз ойлағандай Бекежан жаман адам болмағанын уақыт өте түсіндім ғой. Аңыз бұрмаланғанын бір тарихшы атамыз айтып берді. Кейін жазамын", — деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы.