Журналист Мақпал Қаратайдың Түркиядан тауар алып беремін деп 310 адамды алдап кеткені рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Журналист Мақпал Қаратайдың Түркиядан тауар алып беремін деп 310 адамды алдап кеткені рас па?

Журналист Мақпал Қаратайдың Түркиядан тауар алып беремін деп 310 адамды алдап кеткені рас па?

310 адам Мақпал Қаратайқызынан алданып қалғанын айтып дабыл қағуда.

  • 18 Қазан 2021
  • 5292
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Гений, коуч, психолог Мақпал Қаратайқызы!

Қазақ әйелдерін өмірді сүюге, миллионер болуға, бизнес бастауға үйреткен өте дұрыс шығар, бірақ арам жолмен емес!

Елге танымал адам болған соң, халықты үлкен істі бастауға шақырған соң пайдасынан бұрын, шығатын шығынын ашық айту керек!

Пандемияның арқасында көптеген кәсіп тоқтап, өз күнін әрең көріп, қалай ақша тауып бір тиынды екі тиын қылсам деп отырған халықтың жүйкесімен ойнауды доғару керек!

Адамның жеке басына өтуді ұнатпайтын адаммын, сіздің жеке өміріңізде шаруам жоқ!

Тек өзіңізге сеніп, қарызға ақша алып, банктерден кредитке кірген әйелдердің ақшасын қайтарыңыз.

Сіз үшін 350 мың теңге ақша емес шығар, ауыл аймақта бала бағып отырған әйелдерге ол үлкен ақша! Күйеуіне айтуға қорқып, кредитін төлей алмай күйзеліске түсіп өздеріне қол жұмсаса, адам өліміне кінәлі болам деп ойламайсыз ба?

Бір айдан бері жеке парақшам шағымға толды, өздерің мисызсыңдар деп қарап отыра бергім келді!

Алдағы уақытта түріктердің алдында ұлтымды оның ішінде қазақ ер азаматтары ұятқа қалмасын деп ашық жазуыма тура келіп отыр!

Байыса қазақ байысын қызғанып отырғаным жоқ!

Байерлік жұмысқа қыздарды аямай шақырып жатсыз, түріктердің бәрі орыс тілін, тіпті қазақ тілін жақсы меңгерген . Оларға дәл қәзір байерлердің керегі шамалы! Тауар саудалаймыз деп барған қыздарымыз, елге қайтуға ақшалары болмай тәндерін саудалап, қорланып кетпейтіндіктеріне 100 пайыз кепілдік бересіз бе?

Қазақстанның өзінде сіздің жіберген тауарларыңызға көңілі толмай, ақшаларын қайтаруды сұрап жатқандар саны 300 ден асады.


Ақымақтарға ақыл айтып, “оларды байытамын” деп қазақ әйелдерін кредитке тығып халыққа пайдаңыз бұлай тимей ақ қойғаны дұрыс Мақпал ханым!

Бір адам болса мейлі, шағым айтып жылап отырғандар саны өте көп! Халыққа пайдаң тимесе де, зияның тимесін!

Бұл жазбамды жәй ескерту деп қабылдаңыз!

Үш жүз әйелдің бесеуі үстіңізге арыз түсірсе, алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс ашылады!", — деп жазды Айгүл Орынбек.

 

Гений, коуч, психолог Мақпал Қаратайқызы! Қазақ әйелдерін өмірді сүюге, миллионер болуға, бизнес бастауға үйреткен өте…

Posted by Aigul Orynbek on Sunday, October 17, 2021