Жарияланды: 610

Журналист Павлюкты өлтірді деп айыпталған азаматтың адвокаттары нағыз қылмыскерлер бостандықта жүр деп есептейді

Журналист Павлюкты өлтірді деп айыпталған азаматтың адвокаттары нағыз қылмыскерлер бостандықта жүр деп есептейді

Қырғызстандық журналист Геннадий Павлюкты өлтіру бойынша қозғалған қылмыстық істің шеңберінде айыпталып отырған Шалқар Оразалиннің адвокаттары нағыз кісі өлтірушілер бостандықта жүр деп есептейді.

«Тергеу бұл қылмысты жасаған адамдарды тапқан жоқ деп есептеймін. Олар анықталды деуге болады, өйткені есімдері аталды», – деп мәлім етті агенттікке соттағы алдын ала тыңдаудан кейін айыпталушының адвокаты Айгүл Ербөлекова. «Бұл іс бойынша тағы 2 фигурант бар, бұл – Қырғызстан азаматтары. Тергеу оларға қатысты істі бөлек өндіріске бөлді, олар қазір іздеуге жарияланды... Қылмысты дәл солар жасады деп айта алмаймын. Бірақ олар Павлюкпен таныс болған, (Оразалиннен – ҚазТАГ) пәтер жалдауды өтінген, онымен (Павлюкпен – КазТАГ) қалған… Ал Оразалин Павлюкты танымаған», – деді қорғаушы. Ол жұма күні судья Ахметқали Молдағалиевтің төрағалығымен Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында жабық режимде өткен алдын ала тыңдауда қорғаушы жақтың өтініштері тыңдалғанын айтты. «Біз Оразалинге қатысты таңдалған бұлтартпау шарасын (қамауда ұстау - ҚазТАГ) денсаулық жағдайына байланысты өзгертуді, негізсіздігі себепті қылмыстық істі тоқтатуды сұрадық. Істің материалдарында оған артылып отырған қылмыстарға айыптылығын дәлелдейтін бір де бір дәлел жоқ», – деп атап көрсетті А. Ербөлекова. Адвокаттың айтуынша, Оразалинді қылмыстық қудалауға негіз болған жалғыз жағдай – айыпталушы Игіліковтың сөздері. «Ол (Игіліков- ҚазТАГ) куәгер бола отырып, 2009 жылдың 29 желтоқсанында қатысы бар (қылмысқа - ҚазТАГ) адам ретінде Оразалинге нұсқаған. Бірақ ол бұған дейін одан куәгер ретінде жауап алынғанда олай айтпаған… Қазір Игіліков те айыпталушы және оның куәгерлік жауаптары заңсыз болып табылады, ал ҚР ҚПК 116 бабына сәйкес дәлелдер қатарына қосуға жатпайды», – деп түсіндірді қорғаушы. А.Ербөлекова Игіліков пен Оразалиннің шынымен де Қырғызстанның іздеудегі азаматтарына пәтер жалдауға көмектескенін қуаттап, жауап алу кезінде Игіліков кісі өлтіру, ақша бопсалау, журналисті ұрлау туралы ештеңе айтпағанын мәлімдеді. «Игіліков те, Оразалин де бұған қатыспаған. Оның дәлелі жоқ. Тағылған айып туралы қаулының өзінде себептер, әдістер, әрқайсысының роліғ кімнің не істегені көрсетілмеген. Кісі өлтіру кезінде Оразалин пәтерде болмаған», – дейді адвокат. Бұған дейін хабарланғандай, жұма күні қырғызстандық журналист Г. Павлюкты өлтіру бойынша іске қатысты «жабық есік жағдайында» алдын ала тыңдау өтті. Сот шешіміне сәйкес, бұл іс бойынша сот амалы 6 маусымда сағат 10-да басталады. Айыптаушы жақты процесте қала прокурорының орынбасары Айнақұлова қолдайды. Еске салсақ, 2009-шы жылы 16-шы желтоқсанда Алматыда танымал қырғызстандық журналит Генадий Павлюктің денесі табылды. ҚР ІІМ тергеу мәліметтерінше, журналист Фурманов көшесіндегі тұрғынүйдің алтыншы қабатынан құлап кеткен. Ессіз күйде ауруханаға жеткізілген ол 2009-шы жылдың 22-ші желтоқсанындаесіне келмей, қайтыс болды. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу барысында Г. Павлюк Алматыға келіп, қонақ үйге тоқтағаны анықталды. Бірақ белгісіз біреулер оны басқа жерге кездесуге шақырған. Журналистің әріптестері оны жалға алған пәтерінің терезесінен лақтырып жіберуі де мүмкін дейді. Бір аптадан соң Қазақстанның ІІМ осы қылмысқа қатысты азаматтарды анықтап, 2010-шы жылдың 6-шы қазанында Алматының күдіктілердің бір мейрамханасынан ұсталғанын жариялады. Аталған іс бойынша күдіктілер қатарында Қырғызстан ҰҚК қызметкері Алдияр Исманқұлов пен Қазақстанның екі азаматы – Алмаз Игіліков пен Шалқар Оразалин бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть