Журналист Қытай жобасының отандық арнадан көрсетілуіне қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Журналист Қытай жобасының отандық арнадан көрсетілуіне қарсы шықты

Журналист Қытай жобасының отандық арнадан көрсетілуіне қарсы шықты

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы «Singer» жобасының отандық арнадан көрсетілуіне қарсы шықты. Оның айтуынша, қытайлық тележоб

  • 18 Наурыз 2017
  • 1024
Фото - Caravan.kz

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы «Singer» жобасының отандық арнадан көрсетілуіне қарсы шықты. Оның айтуынша, қытайлық тележобаны көрсету арқылы біз оларды насихаттаймыз. Әрі Димаш қатысып жатқан жоба аяқталуға жақын қалғандықтан, оны қыруар қаржыға сатып алу ақшаны желге шашқанмен тең.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Мен қарсымын Қытайдың жобасының арнамыздан шығуына!

Құдайым-ау, бұл “Хабардың” қай сасқаны? Төрелігін айтыңыздаршы өздеріңіз?! Сонда бәріміз ендігі барлығын итеріп қойып, қытайлардың шоуын көреміз бе? Қытайлар бұл жобаны әрине тегін беріп қоймайды отандық арнаға? Сонда миллиондаған қаражатқа өтіп кеткен жобаны сатып алмақ па (бұл жоба жақын күндері аяқталады)? Түк түсінбедім.

Димашты әлеуметтік желіде қолдаушы журналистердің бірі өзімін. Жеңіп шықсын деп әр апта сайын Құдайдан тілеп отырамын (оған өздеріңіз де куәсіздер). Алайда, бұл жобаның отандық арнада көрсетілуіне үзілді-кесілді қарсымын! Не десеңіздер, о деңіздер… Иә, мен қарсымын!
Бұл жоба арқылы біз Қытайды насихаттаймыз. Кезінде Ресей мен Украинаның шоуларын көрсетіп әлек болып еді еліміздегі арналар. Енді қалмағаны Қытайдың жобасы… Димаштың 8 кезеңін ютуб аман болсын сол жерден көріп қойдық қой. Егер “Хабар” соншалықты Димашты қолдағысы келсе, миллиондаған қаражатқа дәл осындай мега-жоба ашсын! О несі, барлығы сүйіншілетіп Қытайдың өтіп кеткен жобасы отандық арнадан көрсетеді деп шулап.

Ойланыңыздар, әріптестер, ойланыңыздар! Бұл жоба арқылы біз Қытайға есігімізді ашамыз. Онсыз да қазақ қыздары Қытайдың жігіттеріне күйеуге тиіп, бала туып жатқанында бұл жоба оларға тиімді болмақ. Телеарна арқылы оларды насихаттаймыз. Қалайша осыны түсінбейді? Сонда қытай әншілерінің қиқулатқан әнін бір сағат бойы біздің Қазақ халқы көру керек пе? Қай мемлекетті көрдіңіздер өзге елдің осындай шоуды сатып алып жатқанын?! Ұят! Масқара!


Қуансақ, Қазақ баласының сол жобада сынақтан өтіп, дауысын әлем тыңдағанына қуандық. Бояушы, бояушы дегенге біздің арналар осы сақалын бояп бара жатқан жоқ па? Парадокс. Сондықтан да, өз басым қарсымын!» – дейді Бибігүл Дәулетбекқызы.

Еске сала кетейік, Қытайда өтіп жатқан Singer жобасының 10-кезеңі артта қалды. 10-кезеңде үшінші орын алған Димаш Құдайберген финалға өтті.

Соңғы жаңалықтар