Бұл туралы қоғам белсендісі Құрал Сейітханұлы Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Сәуле Әбілдаханқызына жала жапқаны үшін мына суреттегі Нөсербек Заңаділұлы деген азамат бүгін сотта «кінәлі» деп танылды.
Түркістан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты бұған 707-мың теңге айыппұл салды. Өзі де кінәсін толық мойындады.
Енді Сәуле Әбілдаханқызына жапқан жаласына келейік. 8-сәуір 2025-жылы вацап топта Сәулені «қазақ халқының жауы», «топас», «қаңғыбас қайыршы», «әр кіммен жүргіш», «жәлеп» деген сөздермен балағаттады. Бірақ сотта сол сөздерінің біреуін де дәлелдей алған жоқ. Сот залынан жүні жұлынған тауықтай болып шықты.
Ал енді мен Сәуленің қасында жүріп оның қазақ халқына жаулығын, топастығын, қаңғыбас қайыршы екенін, әр кіммен жүргіш екенін, тем более жәлептік жасағанын көрген емеспін. Адамға осыншалық жала жауып, қорлап, балағаттау үшін адам қаншалықты надан болуы керек?
Мен түсінер едім, егер Сәуле Әбділдаханқызы лауазымын пайдалана отырып, қол астындағы жұмысшылардан ай сайын жүйелі түрде мәжбүрлеп ақша жинайтын тиран басшы болса. Немесе кейбір өтірік белсенділер секілді жеке бас пайдасы үшін билікке жағымпазданып, былай шыға бере өзін халыққа оппозициялық белсенді секілді етіп көрсететін екіжүзді, арамтамақ болса. Сәуленің ақша үшін ардан аттап, халыққа өтірік жанашыр болып жүрген жиіркенішті қылықтарын көрген емеспін.
Алдағы уақытта Сәулені «жәлеп» деп қорлағаны үшін қылмыстық және азаматтық тәртіпте тағы да жауапқа тартқызамыз бұны. Бұл өзі Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік Университетінде мұғалім болып істейді екен.
Сотта Сәуленің мүддесін заңгер Амангелді Батырбеков ағамыз қорғады”, — деп жазды Құрал Сейітханұлы,