Журналист Шәріпжанов ауыр бас жарақатынан қаза тапты - қалалық 7-клиникалық аурухананың бас дәрігері - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Журналист Шәріпжанов ауыр бас жарақатынан қаза тапты - қалалық 7-клиникалық аурухананың бас дәрігері

Журналист Шәріпжанов ауыр бас жарақатынан қаза тапты - қалалық 7-клиникалық аурухананың бас дәрігері

"Navi" интернет-газетінің редакторы Асхат Шәріпжанов жол апаты салдарынан болған ауыр бас жарақатынан қаза тапты. Бұл туралы бүгін, 20-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қалалық 7-клиникалық аурухананың бас дәрігері

  • 20 Шiлде 2004
  • 759
Фото - Caravan.kz

Тұрарбек Төлендиев мәлімдеді.

«Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Еліміздің ең таңдаулы дәрігерлері бұл іске жұмылдырылды»,- деді баспасөз мәслихатында Алматы қалалық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Василий Девятко.
Т.Төлендиевтың айтуынша, 17-шілдеде науқасқа операция жасалған. Дәрігерлер операциядан кейін «бас пен мидың ауыр ашық жарақаты, ми жаншылған, сол жақ гемосфераның субдуральдық гематомасы, бас сүйек сынған, маңдай сүйектің сынуы салдарынан ми мылжаланған» деген диагноз қойды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, журналист А.Шәріпжанов 16-шілде, сенбі күні кешкі сағат 23 00 шамасында Алматыдағы Әуезов көшесіне таяу жерде жол апаты салдарынан басынан ауыр жарақаттанған болатын. Абай даңғылы арқылы батыс бағытта келе жатқан «Mitsubishi Galant» автокөлігі даңғылды кесіп өтпек болған А.Шәріпжановты қағып кеткен. Көлік жүргізушісінің айтуынша, А.Шәріпжанов жолды кесіп өтуге ұмтыла беріп, кері бұрыла жөнелсе керек. Көлік тізгінінде Қызылорда облысының тумасы, Қ.Қалжанов есімді жұмыссыз азамат отырған.
Жол апатынан кейін «Mitsubishi Galant» автокөлігінің жүргізушісі зардап шеккен жанға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, болған оқиға туралы полицияға хабарлап, жедел жәрдем шақырған.

Перейти к новостям спорта