Журналист Тоқберген Әбиев із-түссіз жоғалып кетті
![]() |
Жуырда жемқорлық фактілерін әшкерелеу мақсатында баспасөз мәслихатын өткізбек болған журналист Тоқберген Әбиев жоғалып кетті. |
Дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында Қазақстан Журналистер одағы басшысы Сейітқазы Матаев «Заң және әділ сот» қазақстандық БАҚ альянсы» баспасөз клубы жетекшісі Т.Әбиев желтоқсанның 20-сында жоғалған.
«Сол күні ол елордалық журналистерге: «Құрметті әріптестер, ертең, 21-желтоқсан күні сағат 12-де ақырзаманның орнына «Жемққор түрмеде отыру керек» деген тақырыппен сенсациялық баспасөз мәслихаты өтеді. Келіңіздер, өкінбейсіздер» деген смс-хат жолдаған болатын», - дейді С.Матаев.
Оның айтуынша, сол күні кешкі сағат 21:00-де Т.Әбиев дайындаламын деп баспасөз клубына кеткен көрінеді.
«Кеңседен сағат 22:00-де шыққан. Баспасөз клубы қызметкері Андрей Тарановтың айтуынша, Тоқберген әріптесінің ноутбугын сұрап алған. Қазір қайтып оралатынын айтып, одан күте тұруын өтінген», - дейді С.Матаев.
Содан бері Т.Әбиевті ешкім көрмеген.
Ал, «Әділ сөз» қоры басшысы Тамара Калееваның айтуынша, Т.Әбиевтің зайыбы Астана ІІД-не өтініш берген.
«Екі күн ішінде табылмаса қылмыстық іс қозғалады», - деп атап өтті Т.Калеева.
Әріптестері болса мұны журналистің қызметімен және желтоқсанның 21-інде өтуі тиіс болған баспасөз мәслихатымен байланыстырып отыр, дейді Т.Калеева.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін